Серия: Кішкентай ханзада (3/17)
Кішкентай ханзада, 3-бөлім
Авторы: Антуан де Сент-Экзюпери
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Серия: Кішкентай ханзада (3/17)
Авторы: Антуан де Сент-Экзюпери
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Кішкентай ханзада 6-бөлім Иә, Кішкентай ханзада! Сенің мұңды өміріңді біртіндеп, түсіне бастаған сияқтымын. Ұзақ уақыт бойына сенің көңіліңді аулап жүрген нәрсе тек күннің батқанын қызықтау ғана екен. Мен бұл жайында төртінші күні таңертең сен былай дегенде ғана білдім: — Мен алаулап батқан күнді жақсы көремін. Жүр, күннің батқанын көрейік. — Қоя тұр, күте тұруға тура келеді. — Нені күту керек? — Күннің батуын күту керек. Сен әуелі аң-таң болып қалдың да, сосын өзіңнен-өзің күліп жіберіп, маған былай дедің: — Мен өзімді үнемі өз үйімде жүргендей сезінемін! Шынында да осылай. Америка Құрама Штаттарында шаңқай түс болғанда, Францияда күн бататыны барша жұртқа белгілі. Бір минутта Франциға жете алатын болсаң, күннің батқанын қызықтау мүмкін болар еді. Өкінішке орай, Франция өте алыс. Ал сенің кішкентай планетаңда алаулап қызара батқан күнді қызықтау үшін орындықты бірнеше қадамға жылжытудың өзі де жеткілікті еді. Сөйтіп, сенің көңілің ауса болды, ымырт түсіп келе жатқан көкжиекке көз тігетінсің... — Бір күні мен күннің батқанын қырық үш рет тамашаладым! Біраздан соң сөзіңді былай деп жалғадың: — Сен білесің бе? Әбден мұңға батқан кезінде адамдар күннің ұясына барып қонғанына қарағанды жақсы көреді. — Ендеше күннің қырық үш рет батқанын көрген кезіңде көңілің тым жүдеу болған екен ғой? Кішкентай ханзада жауап қайтармады.
👀 1 адам оқыды
Кішкентай ханзада 14-бөлім Бесінші планета өте қызғылықты еді. Бұл бәрінің ішіндегі ең кішкенесі болатын. Оның үстінде тек көше шамы мен шам жағатын шырақшы ғана сиятын орын бар. Аспанның бір бұрышында орналасқан не бір үйлері, не бір тұрғындары жоқ планетаға көше шамы мен шырақшы не үшін керек екені Кішкентай ханзаданың миына симай-ақ қойды. Дегенмен ол ішінен былай деп ойлады: «Мүмкін бұл адам сандырақтайтын шығар. Әйтсе де, оның патшаға, атаққұмарға, әлде іскер адам мен маскүнемге ұарағанда дені дұрыстау сияқты. Қалай болғанда да, мұның жұмысының мәні бар. Ол өзінің шамын жаққан шақта бір жаңа жұлдыз туғандай немесе гүл шешек атқандай әсер етеді. Ал шырағын өшіргенде, сол гүл немесе жұлдыз ұйқыға кеткендей болады. Тамаша жұмыс. Бұл шын мәнінде пайдалы іс, себебі бұл — әдемі». Кішкентай ханзада планетаға жақындаған кезде шырақшыға құрметпен иіліп сәлем береді: — Қайырлы күн! Шырағыңды неге өшірдің? — Нұсқау солай, — деп жауап берді шырақшы. — Қайырлы күн! — Нұсқау деген не ? — Шырақты өшіру жайлы құсқау. Кеш жарық! Сөйтіп ол шырағын қайта жақты. — Оны неге қайтадан жақтың? — Нұсқау солай, — деп жауап берді шырақшы. — Түсінсем бүйырмасын, — деді Кішкентай ханзада. — Түсінетін ешнәрсесі жоқ, — деді шырақшы. Нұсқау дегеніміз — Нұсқау. Қайырлы күн! Ол шырағын қайта сөндірді. Сосын қызыл төрт бұрыштар бар бет орамалымен маңдайын сүртті. — Менің кәсібім сұмдық ауыр. Бұрындары уақытымен болушы еді. Таңертең сөндіріп, кешке жағатынмын. Одан қалған уақытында: күндіз дем алып, түнде ұйықташы едім... — Сонда, одан кейін, нұсқау өзгеріп кетті ме? — Нұсқау өзгерген жоқ-ау, — деді шырақшы. — Пәленің бәрі осында емес пе! Планета жылдан жылға жылдамырақ айналатын болып барады, ал нұсқау өзгермеді. — Сонымен? — деді Кішкентай ханзада. — Сонымен енді ол минутына бір айналып шығады. Менің бір секнуд та тыныс алуға уақытым жоқ. Әр минут сайын жағып, қайт сөндіремін! — Міне, қызық! Сенің бір күнің бір-ақ минутқа созылғаны ғой! — Қызық түгі де жоқ, — деді шырақшы. — Екеміздің әңгімелесіп тұрғанымызға бір айдың жүзі болды. — Бір ай ?! — Иә, отыз минут. Отыз күн! Қайырлы кеш! Ол шырағын қайта жақты. Кішкентай ханзада одан көз алмай тұрып, нұсқауына осыншама адал шырақшыны жақсы көріп кетті.оның есіне күннің батуын тамашалау үшін өзінің орындығын жылжытып күнді қуалап жүретін кездері түсіп кетті. Ол досына көмектескісі келді: — Сен білесің бе? Мен сені қалаған кезіңде демалдырудың тәсілін білемін... — Мен үнемі демалғым келеді, — деді шырақшы. Адам жұмысына адал, сонымен қатар жалқау да бола алмайды ғой. Кішкентай ханзада сөзін былай деп сабақтады: — Сенің планетаңның кішкентайлығы сонша, үш қадам аттасаң болғаны оны түгел айналып шығасың. Әрдайым, күннің көзінде қалу үшін, сен асықпай жүріп отырсаң болғаны.тыныстап алғың келгенде, сен жүре бер... сонда күн қалағаныңша шығып тұра береді. — Бұдан келіп-кетер пайда шамалы екен, — деді шырақшы. — Менің өмірде ең жақсы көретінім — ұйықтау. — Амал нешік, жолың болмады, — деді Кішкентай ханзада. — Амал жоқ, — деді шырақшы. — Қайырлы күн! Сөйтті де шырағын сөндірді. «Бұл адам, — деп ойлады Кішкентай ханзада сапарын жалғастыра түсіп, — бұл адамбасқаларына: патшаға, атаққұмарға, маскүнемге, іскер адамға жек көрінішті олар еді. Дегемен, маған күлкілі емес. Жібі түзу жалғыз осы сияқты көрінді. Мүмкін, мұның себебі оның тек өз қара басын ғана ойламай, өзге нәрсемен айналысатындығы болар». Ол өкініштен күрсінді де, ойын былай деп жаоғастырды: «Жалғыз осы ғана достасуыма жарайтын адам екен. Алайда, оның планетасы шынында тым кішкентай. Екі адам сыятын орын жоқ...» Шынында Кішкентай ханзаданың мойындауға батпаған нәрсесі — күн жиырма төрт сағат ішінде бір мың төрт жүз қырық рет бататын осы бір құдай жарылқаған планетаны қимайтындығы!
👀 1 адам оқыды
Кішкентай ханзада 11-бөлім Екінші планетада атаққұмар адам тұратын. — Ә! Міне, қызықтаушы адам да келді! — деп, Кішкентай ханзаданы алыстан көре салысымен айқай салды атаққұмар. Атаққұмар адам өзге жұрттың бәрі өздеріне сүйсіне қарайды деп ойлайды. — Қайырлы күн! — деді Кішкентай ханзада. — Қалпағыңыз қызық екен. — Бұл сәлем беру үшін, — деп жауап қатты атаққұмар. — Жұрт мені құттықтап, қол шапалақтағанда, мен иіліп ізет көрсетуім керек. Өкінішке орай, бұл жерден ешкім өтпейді. — Солай ма? — деді ештеңені түсінбесе де Кішкентай ханзада. — Бір қолыңды екінші қолыңа соқ, — деп ақыл берді атаққұмар. Кішкентай ханзада қолдарын бір-біріне соғып, шапалақтады. Атаққұмар қалпағын көтеріңкіреп, қарапйым ғана бас иіп сәлем берді. «Бұл патшаға қарағанда көңілдірек екен» деп ойлады Кішкентай ханзада Сөйтіп ол қайтадан қол шапалақтай бастады. Атаққұмар болса, қалпағын көтеріңкіреп, тағы да иілді. Осындай қимылдармен өткен бес минуттан соң Кішкентай ханзада ойынның бірқалыптылығынан жалығып кетті де: — Ал қалпақ жерге құлауы үшін не істеу керек? — деп сұрады. Бірақ атаққұмар оның айтқанын естімеді. Атаққұмарлар мақтау сөзден басқаға құлақ аспайды. — Сен маған шынымен-ақ қатты сүйсіне қарайсың ба ? — деп сұрады ол Кішкентай ханзададан. — Сүйсіне қарау деген нені білдіреді? — Сүйсіне қарау деген менің планетамдағы ең әдемі, бәрінен сәнді киінген және ең ақылды адам екенімді мойындағанды білдіреді. — Сен планетаңда жалғыз емессің бе? — Көңілімді қалдырмашы. Сонда да маған сүйсіне салшы! — Мен сүйсініп тұрмын, — деді Кішкентай ханзада иығын қусырып, — бірақ бұл сені не үшін қызықтырады? Сөйтті де, Кішкентай ханзада кетіп қалды. Сапарын жалғастыра түсіп, «Үлкендер шынымен де түсініксіз жандар» деп ойлады ол жай ғана.
👀 1 адам оқыды