🌙 Gajaiypalem
Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–12 жас · 5 мин оқу👀 1 адам оқыды

Серия: Кішкентай ханзада (14/17)

Кішкентай ханзада, 14-бөлім

Авторы: Антуан де Сент-Экзюпери

Әлі баға жоқ

Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз

Кішкентай ханзада 14-бөлім Бесінші планета өте қызғылықты еді. Бұл бәрінің ішіндегі ең кішкенесі болатын. Оның үстінде тек көше шамы мен шам жағатын шырақшы ғана сиятын орын бар. Аспанның бір бұрышында орналасқан не бір үйлері, не бір тұрғындары жоқ планетаға көше шамы мен шырақшы не үшін керек екені Кішкентай ханзаданың миына симай-ақ қойды. Дегенмен ол ішінен былай деп ойлады: «Мүмкін бұл адам сандырақтайтын шығар. Әйтсе де, оның патшаға, атаққұмарға, әлде іскер адам мен маскүнемге ұарағанда дені дұрыстау сияқты. Қалай болғанда да, мұның жұмысының мәні бар. Ол өзінің шамын жаққан шақта бір жаңа жұлдыз туғандай немесе гүл шешек атқандай әсер етеді. Ал шырағын өшіргенде, сол гүл немесе жұлдыз ұйқыға кеткендей болады. Тамаша жұмыс. Бұл шын мәнінде пайдалы іс, себебі бұл — әдемі». Кішкентай ханзада планетаға жақындаған кезде шырақшыға құрметпен иіліп сәлем береді: — Қайырлы күн! Шырағыңды неге өшірдің? — Нұсқау солай, — деп жауап берді шырақшы. — Қайырлы күн! — Нұсқау деген не ? — Шырақты өшіру жайлы құсқау. Кеш жарық! Сөйтіп ол шырағын қайта жақты. — Оны неге қайтадан жақтың? — Нұсқау солай, — деп жауап берді шырақшы. — Түсінсем бүйырмасын, — деді Кішкентай ханзада. — Түсінетін ешнәрсесі жоқ, — деді шырақшы. Нұсқау дегеніміз — Нұсқау. Қайырлы күн! Ол шырағын қайта сөндірді. Сосын қызыл төрт бұрыштар бар бет орамалымен маңдайын сүртті. — Менің кәсібім сұмдық ауыр. Бұрындары уақытымен болушы еді. Таңертең сөндіріп, кешке жағатынмын. Одан қалған уақытында: күндіз дем алып, түнде ұйықташы едім... — Сонда, одан кейін, нұсқау өзгеріп кетті ме? — Нұсқау өзгерген жоқ-ау, — деді шырақшы. — Пәленің бәрі осында емес пе! Планета жылдан жылға жылдамырақ айналатын болып барады, ал нұсқау өзгермеді. — Сонымен? — деді Кішкентай ханзада. — Сонымен енді ол минутына бір айналып шығады. Менің бір секнуд та тыныс алуға уақытым жоқ. Әр минут сайын жағып, қайт сөндіремін! — Міне, қызық! Сенің бір күнің бір-ақ минутқа созылғаны ғой! — Қызық түгі де жоқ, — деді шырақшы. — Екеміздің әңгімелесіп тұрғанымызға бір айдың жүзі болды. — Бір ай ?! — Иә, отыз минут. Отыз күн! Қайырлы кеш! Ол шырағын қайта жақты. Кішкентай ханзада одан көз алмай тұрып, нұсқауына осыншама адал шырақшыны жақсы көріп кетті.оның есіне күннің батуын тамашалау үшін өзінің орындығын жылжытып күнді қуалап жүретін кездері түсіп кетті. Ол досына көмектескісі келді: — Сен білесің бе? Мен сені қалаған кезіңде демалдырудың тәсілін білемін... — Мен үнемі демалғым келеді, — деді шырақшы. Адам жұмысына адал, сонымен қатар жалқау да бола алмайды ғой. Кішкентай ханзада сөзін былай деп сабақтады: — Сенің планетаңның кішкентайлығы сонша, үш қадам аттасаң болғаны оны түгел айналып шығасың. Әрдайым, күннің көзінде қалу үшін, сен асықпай жүріп отырсаң болғаны.тыныстап алғың келгенде, сен жүре бер... сонда күн қалағаныңша шығып тұра береді. — Бұдан келіп-кетер пайда шамалы екен, — деді шырақшы. — Менің өмірде ең жақсы көретінім — ұйықтау. — Амал нешік, жолың болмады, — деді Кішкентай ханзада. — Амал жоқ, — деді шырақшы. — Қайырлы күн! Сөйтті де шырағын сөндірді. «Бұл адам, — деп ойлады Кішкентай ханзада сапарын жалғастыра түсіп, — бұл адамбасқаларына: патшаға, атаққұмарға, маскүнемге, іскер адамға жек көрінішті олар еді. Дегемен, маған күлкілі емес. Жібі түзу жалғыз осы сияқты көрінді. Мүмкін, мұның себебі оның тек өз қара басын ғана ойламай, өзге нәрсемен айналысатындығы болар». Ол өкініштен күрсінді де, ойын былай деп жаоғастырды: «Жалғыз осы ғана достасуыма жарайтын адам екен. Алайда, оның планетасы шынында тым кішкентай. Екі адам сыятын орын жоқ...» Шынында Кішкентай ханзаданың мойындауға батпаған нәрсесі — күн жиырма төрт сағат ішінде бір мың төрт жүз қырық рет бататын осы бір құдай жарылқаған планетаны қимайтындығы!

Ұқсас ертегілер

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–12 жас · 5 мин оқу

Кішкентай ханзада, 17-бөлім

Кішкентай ханзада 17-бөлім Білшгіш болып көрінгің келгенде өтірікті аздап араластырып жіберетін кездер болады. Мен сіздерге шырақшылар жайында әңгімелеп, отырып шындықты аздап бұрмалағаным рас. Біздің планетаны мүлде білмейтін адамдарға жалған түсінік беріп қоюым ықтимал. Адамдар жер үстінде көп орын алмайды. Егер екі миллиард жер тұрғындары иықтасып, жиналыста тұрғандай тік тұрған болса, ұзындығы жиырыма мың, ені де жиырма мың шаршы миль алаңға сыйып кетер еді. Бүкіл адамзатты Тынық мұхиттың кішкене бір аралына үйіп төге салуға болар еді. Әрине, үлкендер сізге иланбайды. Олар жерде қомақты орын аламыз деп ойлайды. Олар баобабтар сықылды өздерін маңызды санайды. Сіз оларға есептеуді ұсыныңыз. Ересек адамдар санағанды эанындай жақсы көреді. Мұндай кеңес жандарына жағады. Бас қатырып, іш пыстыратын осы іске алтын уақытыңызды ысырап қылмаңыз. Еш пайдасы жоқ. Маған сенсеңіз болғаны. Сонымен, Кішкентай ханзада жерге келіп түскелі, көзіне тірі жан ілінбегеніне таң қалды. Ол планетаны шатастырып алдым ба деп қобалжи бастаған кезінде айдың сәулесі түсіп тұрған сақина іспетті дөңгелек нәрсе құм үстінде жыбыр ете қалды. — Қайырлы таң! — дей салды Кішкентай ханзада. — Қайырлы таң! — деді жылан. — Мен қай планетаға тап болдым? — деп сұрады Кішкентай ханзада. — Жер планетасына, бұл — Африка, — деп эауап берді жылан. — Ә, солай ма! Сонда жер үстінде адам тұрғаны ма? — Бұл шөл дала. Шөл далада тірі пенлде болмайды. Жер дегеніңіз үлкен, — деді жылан. Кішкентай ханзада тастың үстіне отырды да, аспанға көз тікті: — Мені ойға шомдыратын нәрсе, — деді ол, — жұлдыздар, әр адам ерте ме, кеш пе, өз жұлдызын адаспай тауып алу үшін, жарқырап тұра ма екен. Менің жұлдызым дәл төбемізде тұр... Сонымен қатар ол қаншама алыс қашықтықта десеңізші! — Әдемі екен, — деді жылан. — Сен мұнда не бітіріп жүрсің? — Мен бір гүлмен араздасыпры қалып едім, — деді Кішкентай ханзада. — Ә, солай ма?! — деді жылан. Олар үндемей қалысты. — Адамдар қайда? — деді ақырында Кішкентай ханзада. — Жапан түзде жалғызсырап қалдық қой... — Адамдар арасында да жалғызсырауға болады, — деді жылан. Кішкентай ханзада оған ұзақ қарап тұрып: — Сен өзің бір қызық мақұлық екенсің, — деді ол ақырында. — Саусақтай жіп-жіңішкесің... — Алайда мен патшаның сауасығнан да құдіретім күштірек. Кішкентай ханзада жымиып қана: — Сен соншалықты құдіретті де емессің... сенде тіпті сирақ та жоқ... саяхат жасай да алмайсың. — Мен сені кемеден бетер алысқа алып кете аламын, — деді жылан. Ол Кішкентай ханзаданың тілерсегіне алтын білезіктей оратылды: — Мен тиіскен адам өзі шыққан қара жеріне аттанады, — деді ол тағы да. — Бірақ та сенің жаның пәк екен, әрі сен көктегі жұлдыздан түсіпсің... Кішкентай ханзада еш жауап қатпады. — Мен сені аяп тұрмын, сен осынау тастай қатты Жерде әлсіз көрінесің. Сен планетаңды қатты сағынған кезіңде менің саған көмегім тиер. Мен... — Жарайды, мен өте жақсы түсіндім, — деді Кішкентай ханзада. — Бірақ сен неге ылғи жұмбақтай сөйлейсің? — Бар жұмбақтың шешуін таба аламын, — деді жылан. Сөйтіп екеуі де үндемей қалды.

👀 1 адам оқыды

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–12 жас · 1 мин оқу

Кішкентай ханзада, 12-бөлім

Кішкентай ханзада 12-бөлім Келесі планетада маскүнем тұратын. Кішкентай ханзада бұл жерде көп тұрақтамаса да зор уайымға салынды: — Сен не істеп отырсың? — деп сұрады ол маскүнемнен. Ол келгенде маскүнем бір үймек боп бос бөтелкелер мен тағы бір топ толы бөтелкелердің алдында үнсіз отыр екен. — Ішіп отырмын, — деп жауап берді маскүнем мұңды түрмен. — Не үшін ішесің? — деп сұрады Кішкентай ханзада. — Ұмыту үшін. — Нені ұмыту үшін? — деді оны аяп кеткен Кішкентай ханзада. — Ұялатынымды ұмыту үшін, — деп, басын салбырата шынын айтты маскүнем. — Неден ұяласың? — деп сұрады, оған қол ұшын бергісі келіп кеткен Кішкентай ханзада. — Ішкеннен ұяламын! — деп маскүнем сөзін аяқтады да, үнсіздікке біржолата батып кетті. Не айтарын білмей абдырап қалған Кішкентай ханзада әрі қарай жол тартты. Жол бойы ол: «Үлкен кісілер шынында да өте таңғаларлақ жандар» деп ойлады ішінен.

👀 1 адам оқыды

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–7 жас · 4 мин оқу

Кішкентай ханзада, 5-бөлім

Кішкентай ханзада 5-бөлім Әр күн сайын мен оның планетасы және сапарға аттанған кезі жайындағы хабарлардың шет-жағасын біліп отырумен болдым. Абайсызда айтылып қалған ой-пікірлер сол жұмбақтың шешуін табуға жол көрсеткендей болады. Осылайша мен бао-баб қасіреті туралы үшінші күні білдім. Бұл жолы да әңгіме сол қошақанның арқасында басталып кетті. Өйткені ханзада кенеттен күмәндана қалып, менен былай деп сұрады: — Айтшы, қойдың бұталарды жейтіні рас па? — Иә, ол рас. — О! Онысына ризамын. Қойдың бұталарды жейтіні неге сонша маңызды екенін әлі түсіне қоймадым. Кішкентай ханзада оған қоса былай деді: — Демек, қой баобабтарды да жейтін болғаны ғой? Мен баобабтың бұта емес, шіркеудің биіктігімен бірдей үлкен ағаш екенін, пілдердің бір үйірін жинап апарса да, баобабтың біреуін де жеп бітіре алмайтынын түсіндіріп бақтым. Пілдердің үйірі туралы естігенде, Кіщкентай ханзада күліп жіберді: — Онда пілдерді бірінің үстіне бірін шығарып қою керек болар еді. Сосын данышпансыған түрмен: — Баобаб ағашы биік болып өскенге дейін аласа бұта болмай ма? — Дәл солай! Бірақ та неге сен қойдың жас баобаб бұталарын жегенін қалайсың ? Екінің біріне белгілі жайт сияқты. «О не дегенің?!» — деп таңданды ол. Мәселенің не нәрседе екенін түсінгенше біраз бас қатыруыма тура келді. Шындығына келгенде, Кішкентай ханзаданың планетасында басқа жерлердегі сияқты пайдалы шөптер мен арам шөптер өседі екен. Ендеше жақсы ұрықтан құнарлы шөптің немесе зиянды ұрықтан арам шөптің өсетіні белгілі. Алайда өсімдік ұрықтары көзге көрінбейді ғой. Олар жер қойнауында, біреуі қылтиып бой көтергенше, жата береді. Әуелі біреуі қылтиып шығып, күнге қарай талпынған, ешкімге зияны жоқ әдемі өсімдіктің сабағына айналады. Егерде шалғам немесе бір шоқ раушан гүлінің сабағы болса, өсіре беруге болады. Ал егер арам шөп екеніне көзің жетсе, ол өсімдікті тамырымен қоса сол мезетте жұлып тастау керек. Ал Кішкентай ханзаданың планетасында аса зор зиянды ұрықтар болған. Ол — баобабтың ұрықтары. Планета қойнауы осындай ұрықтарға толып кеткен. Егер уақытысында құртпасаң, баобабтан ешқашан да құтыла алмайсың. Ол бүкіл планетаны жаулап алады. Оның қойнауын тамырымен жарып шығады. Егер де планета тым кішкене, ал баобаб ағашы тым көп болса, олар планетаны жарып, бөлшектеп жібереді. — Бұл әрине тәртіп мәселесі, — деді маған Кішкентай ханзада кейінірек. Таңертең ұйқыдан тұрып, жуынып-шайынып болған соң, планетаңды ретке келтіруге көшу керек. Баобаб пен раушан гүл бұтасы балауса шақтарында өте ұқсас. Сондықтан баобабты ажырата салысымен, күнделікті отап отыруға тиіссің. Бұл іш пыстыратын, бірақ еш қиыншылығы жоқ жұмыс. Сосын, бір күні Кішкентай ханзада осыны балалардың миына жақсылап құйып қою үшін, маған әдемі бір сурет салып көруге кеңес берді. «Егер олар саяхатқа шықса, керектеріне жарар. Кейде істер ісіңді кейінге қалдырғаннан зиян нәрсе жоқ. Ал егер баобабқа ерік берсең, пәлеге душар боласың. Тұрғыны жалқау бір планетаны білуші едім. Ол дер кезінде үш бұтаға көңіл бөлмей, ақырында...» Кішкентай ханзаданың нұсқауы бойынща, осы планетаның суретін салдым. Елге ақыл айтқанды жаным жек көреді. Бірақ баобабтың қаншама қауіп төндіретінін екінің бірі біле бермегендіктен және астероид үшін бұл қатер өте қомақты болғандықтан, осы жолы әдеттегі ұстамдылығымнан бас тартуға бел будым. «Балалар, баобабқа сақ болыңдар!» — деймін мен. Талайдан бері қасында төніп тұрған қауіпті байқамаған, өзім сияқты бейхабар болған достарымды сақтандырып қою үшін, бұл суретті салуға бар күшімді жұмсадым. Бермекші болған сабағым оған тұрарлықтай еді. Мүмкін, сіз бұл кітапта баобаб бейнеленген суреттей тамаша салынған суреттер неге жоқ деп те ойларсыз? Жауабы өте оңай: мен тырысып-ақ бақтым, бірақ қолымнан мардымды нәрсе шықпады. Ал, баобабты салғанда, бұл суреттің кешіктіруге болмайтын маңызды хабар жеткізетіндігі маған үлкен шабыт берді.

👀 1 адам оқыды