🌙 Gajaiypalem
Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–12 жас · 5 мин оқу👀 1 адам оқыды

Серия: Кішкентай ханзада (15/17)

Кішкентай ханзада, 15-бөлім

Авторы: Антуан де Сент-Экзюпери

Әлі баға жоқ

Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз

Кішкентай ханзада 15-бөлім Алтыншы планета одан он есе үлкен планета еді. Мұнда қалың кітаптар жазатын қарт кісі тұратын. Кішкентай ханзаданы көре салысымен ол: — Мінеки, зерттеушінің дәл өзі келді! — деп айқайлап жіберді. Кішкентай ханзада ентігін басу үшін орындыққа отыра кетті. Қаншама жолдарды басынан өткерді десеңші! — Қай жақтан келе жатырсың? — деп сұрады одан қарт кісі. — Мынау не қылған қалың кітап? — деді Кішкентай ханзада. — Сіз мұнда немен айналысасыз? — Мен географпын, — деді қарт кісі. — Георграф деген кім? — Ол — теңіздердің, өзендердің, қалалардың, таулар мен шөлдердің қайда орналасқанын білетін ғалым. — Неткен қызық! — деді Кішкентай ханзада. — Мінеки, бұл — нағыз кәсіп! Сосын географтың планетасын көзбен шолып шықты. Ол осыншама сәулетті планетаны бұрын-соңды көрмеген еді. — Сіздің планетаңыз өте әдемі екен. Мұхиттар бар ма? — Оны білмедім, — деді географ. Кішкентай ханзада көңілі қалыңқырап: — Ал таулар ше? — деп сұрады. — Оны білмеймін, — деді географ. — Ал қалалар, өзендер мен шөлдер ше? — Оны да біле алмадым, — деді географ. — Сіз географ емессіз бе?! — Дәл солай, — деді географ, — бірақ мен зерттеумен айналысатын саяхатшы емеспін. Мен зерттеушілерге зәрумін. Қалаларды, өзендерді, тауларды, теңіздерді, мұхиттар мен шөлдерді географ санамайды ғой. Географ — тым маңызды адам, оның сандалып жүргені жараспас. Ол өзінің кеңсесінен шықпайды. Ол осында зерттеушілерді қабылдайды. Географ оларға сұрақ қойып, олардың көрген-білгендерін қағазға түсіреді. Ал егерде олардың ішіндегі кейбіреуінің айтқандары қызықтау көрінсе болғаны, географ сол зерттеушінің адамшылық қасиеттерін тексеріске алады. — Оның қажеті не? — Зерттеуші өтірік айтса, география кітаптарына зиян келтіреді. Ішкіш зерттеуші де соның қатарына жатады. — Неге? — деп сұрады Кішкентай ханзада. — Өйткені маскүнемдердің көзіне бәрі қосарланып көрінеді. Сонда географ бір ғана таудың орнына екеу деп жазып қоюы мүмкін. — Мен сондай біреуді танушы едім, — деді Кішкентай ханзада, — Одан жақсы зертеуші шықпас, — еді. — Ол да мүмкін. Сонымен, зерттеушінің адамгершщілігі мықты болып шықса, онда оның ашқан жаңалығын тексеріске алады. — Барып көре ме? — Жоқ. Ол қиындау болады-ау. Оның орнына зерттеушіге дәлелдер келтіруін талап етеді. Мысалы, асқар тауды тапқан болса, үлкен-үлкен тастар әкелуі шарт. Географ кенеттен көңілі жібіп: — Сен ше, алыстан келдің ғой! Зерттейтін саяхатшының нағыз өзісің! Қане, өзіңнің планетаңды сипаттап бепші! Сөйтіп географ өзінің кітабын ашып жіберіп, қарындашын ұштады. Зерттеушілердің әңгімелерін әуелі қарындашпен жазады. Оны сиямен көшіріп жазу үшін, зерттеушінің дәлелдер келтіруін күтеді. — Сонымен? — деп сұрады географ. — Менің планетамда қызықтайтын нәрсе көп емес. Ол — кішкене планета. Үш жанартауым бар. Екеуі жанып тұр, ал біреуі сөніп қалған. Бірақ, кім біледі не болатынын. — Кім біледі не болатынын? — деп қайталады географ. — Менде тағы гүл бар. — Біз гүлдерді есепке алмаймыз, — деді географ. — Неге? Дүниедегі ең әдемі гүл! — Себебі гүлдер өткінші болады. — Өткінші деген нені білдіреді? — География кітаптары, — деді географ, — әлемдегі кітаптардың ішіндегі ең асылы. Олар ешқашан ескірмейді. Таудың орын ауыстырғаны сирек кездеседі ғой. Мұхиттың тартылып қалуы күнде кезесетін нәрсе емес. Біздер мәңгі өзгермейтін нәрселер жайында жазамыз. — Алайда, сөнген жанартаулар ұйқысынан оянып кетуі мүмкін ғой. «Өткінші нәрсе» не дегенді білдіреді? — Жанартаудың сөніп немесе жанып тұрғаны біз үшін бәрібір, — деді географ біз үшін негізгі нәрсе — таудың болғаны. Ол өзгермейді. — «Өткінші» деген нені білдіреді? — деп қата сұрады, сұрағына жауап алмай тынбайтын Кішкентай ханзада. — Өткінші дегеніміз келешекте жоғалып кетуі мүмкін дегенді білдіреді. — Менің гүлім жақын уақытта жоқ бола ма? — Әрине. «Менің гүлім уақытша нәрсе екен ғой, — деп ойлады Кішкентай ханзада, — оның бүкіл әлемнен қаорғанар тек төрт тікенегің ғана бар! Ал мен оны жападан-жалғыз өзін тастап кетті!» Бұл оның ең алғаш рет өкінішке бой алдырған кезі болатын. Бірақ ол қайта беки түсіп: — Маған қайда сапар шегуге кеңес берер едіңіз? — деп сұрады ол. — Жер планетасына баруды, — деп жауап берді географ. — Оның жақсы даңқы шыққан... Сөйтіп, Кішкентай ханзада гүлі туралы ойларға шомған бойы жолға аттанып кетті.

Ұқсас ертегілер

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–11 жас · 3 мин оқу

Кішкентай ханзада, 11-бөлім

Кішкентай ханзада 11-бөлім Екінші планетада атаққұмар адам тұратын. — Ә! Міне, қызықтаушы адам да келді! — деп, Кішкентай ханзаданы алыстан көре салысымен айқай салды атаққұмар. Атаққұмар адам өзге жұрттың бәрі өздеріне сүйсіне қарайды деп ойлайды. — Қайырлы күн! — деді Кішкентай ханзада. — Қалпағыңыз қызық екен. — Бұл сәлем беру үшін, — деп жауап қатты атаққұмар. — Жұрт мені құттықтап, қол шапалақтағанда, мен иіліп ізет көрсетуім керек. Өкінішке орай, бұл жерден ешкім өтпейді. — Солай ма? — деді ештеңені түсінбесе де Кішкентай ханзада. — Бір қолыңды екінші қолыңа соқ, — деп ақыл берді атаққұмар. Кішкентай ханзада қолдарын бір-біріне соғып, шапалақтады. Атаққұмар қалпағын көтеріңкіреп, қарапйым ғана бас иіп сәлем берді. «Бұл патшаға қарағанда көңілдірек екен» деп ойлады Кішкентай ханзада Сөйтіп ол қайтадан қол шапалақтай бастады. Атаққұмар болса, қалпағын көтеріңкіреп, тағы да иілді. Осындай қимылдармен өткен бес минуттан соң Кішкентай ханзада ойынның бірқалыптылығынан жалығып кетті де: — Ал қалпақ жерге құлауы үшін не істеу керек? — деп сұрады. Бірақ атаққұмар оның айтқанын естімеді. Атаққұмарлар мақтау сөзден басқаға құлақ аспайды. — Сен маған шынымен-ақ қатты сүйсіне қарайсың ба ? — деп сұрады ол Кішкентай ханзададан. — Сүйсіне қарау деген нені білдіреді? — Сүйсіне қарау деген менің планетамдағы ең әдемі, бәрінен сәнді киінген және ең ақылды адам екенімді мойындағанды білдіреді. — Сен планетаңда жалғыз емессің бе? — Көңілімді қалдырмашы. Сонда да маған сүйсіне салшы! — Мен сүйсініп тұрмын, — деді Кішкентай ханзада иығын қусырып, — бірақ бұл сені не үшін қызықтырады? Сөйтті де, Кішкентай ханзада кетіп қалды. Сапарын жалғастыра түсіп, «Үлкендер шынымен де түсініксіз жандар» деп ойлады ол жай ғана.

👀 1 адам оқыды

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–12 жас · 2 мин оқу

Кішкентай ханзада, 16-бөлім

Кішкентай ханзада 16-бөлім Сонымен, жетінші планета жер еді. Жер әншейін планета емес! Жер бетіндегі патшалардың саны жүз он бірге (әрине, негр патшаларды да ұмытпау керек), географтардың саны жеті мыңға, іскер адамдардың саны тоғыз жүз мыңға, маскүнемдердің саны жеті жарым миллионға, атаққұмарлардың саны үш жүз он бір миллионға, яғни ересек адамдардың жалпы саны екі миллирад шамасына жетеді. Жердің көлемін сипаттау үшін мне сіздерге мынаны айтар едім: Электр жарығын ойлап таппастан бұрын, жалпы алты құрлықтың бетінде төтрт жүз алпыс екі мың бес жүз он бір шырақшыдан құралған нағыз әскер болған. Алыстау қашықтықтан қарағанда бұл ғажап көрініс тудыратын. Бұл әскер қозғалысы опера театрындағы балет бишілерінің біркелкі қимылдарын еске түсіргендей еді. Алғашқы болып Жаңа Зеландия мен Австралияның шырақшыларының өнер көрсететін кезегі. Сосны, олар шырақтарын жағып болысымен, ұйқыға бас қоятын. Содан кейінгі өз кезектерінде шырақшылар бейне Қытай мен Сібірдегілер қосылатын. Сосын олар да сахнадан кетіп, шымылдық тасасына тығылатын. Ендігі кезек Ресей мен Үндістан шырақшыларына келетін. Сосын Африка мен Еуропа елдерінікі. Сосын Оңтүстік Американың кезегі. Содан соң Солтүстік Америка сахнаға шығады. Олар сахнаға шығар мезгілінен ешқашан жаңылған емес. Бұл — керемет еді. Тек Солтүстік полюстегі жалғыз шамның шырақшысы мен оның әріптесі — Оңтүстік полюстегі жалғыз шырақшы ғана жұмыссыз, тауқыметсіз өмір сүретін: Олар жылына екі рет қана жұмыс істейтін.

👀 1 адам оқыды

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–12 жас · 5 мин оқу

Кішкентай ханзада, 14-бөлім

Кішкентай ханзада 14-бөлім Бесінші планета өте қызғылықты еді. Бұл бәрінің ішіндегі ең кішкенесі болатын. Оның үстінде тек көше шамы мен шам жағатын шырақшы ғана сиятын орын бар. Аспанның бір бұрышында орналасқан не бір үйлері, не бір тұрғындары жоқ планетаға көше шамы мен шырақшы не үшін керек екені Кішкентай ханзаданың миына симай-ақ қойды. Дегенмен ол ішінен былай деп ойлады: «Мүмкін бұл адам сандырақтайтын шығар. Әйтсе де, оның патшаға, атаққұмарға, әлде іскер адам мен маскүнемге ұарағанда дені дұрыстау сияқты. Қалай болғанда да, мұның жұмысының мәні бар. Ол өзінің шамын жаққан шақта бір жаңа жұлдыз туғандай немесе гүл шешек атқандай әсер етеді. Ал шырағын өшіргенде, сол гүл немесе жұлдыз ұйқыға кеткендей болады. Тамаша жұмыс. Бұл шын мәнінде пайдалы іс, себебі бұл — әдемі». Кішкентай ханзада планетаға жақындаған кезде шырақшыға құрметпен иіліп сәлем береді: — Қайырлы күн! Шырағыңды неге өшірдің? — Нұсқау солай, — деп жауап берді шырақшы. — Қайырлы күн! — Нұсқау деген не ? — Шырақты өшіру жайлы құсқау. Кеш жарық! Сөйтіп ол шырағын қайта жақты. — Оны неге қайтадан жақтың? — Нұсқау солай, — деп жауап берді шырақшы. — Түсінсем бүйырмасын, — деді Кішкентай ханзада. — Түсінетін ешнәрсесі жоқ, — деді шырақшы. Нұсқау дегеніміз — Нұсқау. Қайырлы күн! Ол шырағын қайта сөндірді. Сосын қызыл төрт бұрыштар бар бет орамалымен маңдайын сүртті. — Менің кәсібім сұмдық ауыр. Бұрындары уақытымен болушы еді. Таңертең сөндіріп, кешке жағатынмын. Одан қалған уақытында: күндіз дем алып, түнде ұйықташы едім... — Сонда, одан кейін, нұсқау өзгеріп кетті ме? — Нұсқау өзгерген жоқ-ау, — деді шырақшы. — Пәленің бәрі осында емес пе! Планета жылдан жылға жылдамырақ айналатын болып барады, ал нұсқау өзгермеді. — Сонымен? — деді Кішкентай ханзада. — Сонымен енді ол минутына бір айналып шығады. Менің бір секнуд та тыныс алуға уақытым жоқ. Әр минут сайын жағып, қайт сөндіремін! — Міне, қызық! Сенің бір күнің бір-ақ минутқа созылғаны ғой! — Қызық түгі де жоқ, — деді шырақшы. — Екеміздің әңгімелесіп тұрғанымызға бір айдың жүзі болды. — Бір ай ?! — Иә, отыз минут. Отыз күн! Қайырлы кеш! Ол шырағын қайта жақты. Кішкентай ханзада одан көз алмай тұрып, нұсқауына осыншама адал шырақшыны жақсы көріп кетті.оның есіне күннің батуын тамашалау үшін өзінің орындығын жылжытып күнді қуалап жүретін кездері түсіп кетті. Ол досына көмектескісі келді: — Сен білесің бе? Мен сені қалаған кезіңде демалдырудың тәсілін білемін... — Мен үнемі демалғым келеді, — деді шырақшы. Адам жұмысына адал, сонымен қатар жалқау да бола алмайды ғой. Кішкентай ханзада сөзін былай деп сабақтады: — Сенің планетаңның кішкентайлығы сонша, үш қадам аттасаң болғаны оны түгел айналып шығасың. Әрдайым, күннің көзінде қалу үшін, сен асықпай жүріп отырсаң болғаны.тыныстап алғың келгенде, сен жүре бер... сонда күн қалағаныңша шығып тұра береді. — Бұдан келіп-кетер пайда шамалы екен, — деді шырақшы. — Менің өмірде ең жақсы көретінім — ұйықтау. — Амал нешік, жолың болмады, — деді Кішкентай ханзада. — Амал жоқ, — деді шырақшы. — Қайырлы күн! Сөйтті де шырағын сөндірді. «Бұл адам, — деп ойлады Кішкентай ханзада сапарын жалғастыра түсіп, — бұл адамбасқаларына: патшаға, атаққұмарға, маскүнемге, іскер адамға жек көрінішті олар еді. Дегемен, маған күлкілі емес. Жібі түзу жалғыз осы сияқты көрінді. Мүмкін, мұның себебі оның тек өз қара басын ғана ойламай, өзге нәрсемен айналысатындығы болар». Ол өкініштен күрсінді де, ойын былай деп жаоғастырды: «Жалғыз осы ғана достасуыма жарайтын адам екен. Алайда, оның планетасы шынында тым кішкентай. Екі адам сыятын орын жоқ...» Шынында Кішкентай ханзаданың мойындауға батпаған нәрсесі — күн жиырма төрт сағат ішінде бір мың төрт жүз қырық рет бататын осы бір құдай жарылқаған планетаны қимайтындығы!

👀 1 адам оқыды