🌙 Gajaiypalem
Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–12 жас · 4 мин оқу👀 1 адам оқыды

Серия: Кішкентай ханзада (13/17)

Кішкентай ханзада, 13-бөлім

Авторы: Антуан де Сент-Экзюпери

Әлі баға жоқ

Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз

Кішкентай ханзада 13-бөлім Төртінші планета іскер адамдікі болатын. Бұл адам мұрынан шаншылып, қолы тимей жатқаны соншалық, Кішкентай ханзада келгенде басын да көтермеді. — Сәлеметсіз бе! — деді бұл. — Сіздің шылымыңыз сөніп қалыпты. — Үшке екіні қосса, болады бес. Беске жетіні қосса — он екі.Он екіге үш — он бес. Қайырлы күн! Он беске жетіні — жиырма екі. Жиырма екіге алты — жиырма сегіз. Оны жағатын уақыт жоқ. Жиырма алтыға бес — отыз бір. Уһ! Сонымен болады бес жүз миллион алты жүз жиырма екі мың жеті жүз отыз бір. — Ненің бес жүз миллионы? — Ә, сен әлі осында ма едің? Бес жүз миллион... не екенін... ұмытып қалдым... Менің қыруар жұмысым бар! Мен байсалды адаммын. Бос мылжыңмен айналысуға уақытым жоқ! Екіге бесті қоссақ — жеті... — Бес жүз миллионыңыз не? — деп қойған сұрағын өмірінде жауап алмайынша тынбайтын Кішкентай ханзада қайталап сұрады. Іскер адам басын көтеріп: — Осы планетада елу төрт жыл өмір сүргелі бері мені үш рет қана мазалаған. Бірінші рет, бұдан жиырма екі жыл бұрын, қайдан түскені бір құдайға ғана белгілі көктем қоңызы еді. Ол ызыңдап құлақтың құртын жегендіктен, мен есеп-қисабымда төрт қате жібердім. Екінші рет, бұдан он бір жыл бұрын, сүйегім қақсап ауырғанының кесірі тіиді. Маған жаттығу жетіспейді. Сейіл құруға уақытым жоқ. Мен жеңілтек мінезді адам емеспін. Үшінші рет... мінеки! Сонымен, бес жүз миллион деп жатқанмын... — Ненің миллионы? Іскер адам оның тынышытық бермесін ұқты да: — Кей кезде аспанда көрінетін миллиондаған майда заттар, — деді. — Шыбындар ма? — Е, жоқ, майда жылтырақ нәрселер. — Бал арасы ма? — Жоқ, ол емес. Жалқауларды қиялға батыратын кішкентай алтын түстес нәрселер. Мен болсам жалқау емеспін! Меніңі қиялдауға уақытым жоқ. — Е, жұлдыздар ма? — Тура солай. Жұлдыздар. — Бес жүз миллион жұлдызды не қыласың? — Бес жүз миллион алты жүз жиырма екі мың жеті жүз отыз бір. Мен байсалды жанмын., дәлдікті ұнатамын. Осы жұлдыздармен не істемекшісің? — Не істеиекшімін? — Иә. — Ештеңе. Мен оларды иемденемін. — Сен жұлдыздарды иемденесің бе? — Иә. — Мен бір патшаға жолығып едім, ол... — Патшалар иемденбейді. Олар патшалық құрады. Бұл істің мәні басқа. — Ал саған жұлдыздарды иемденудің не керегі бар? — Бай болу үшін керек. — Бай болған не үшін керек? — Басқа біреу тауып алған жұлдыздарды сатып алу үшін. «Мынау өзі менің маскүнемім сияқты байыптайды екен» деп ойлады Кішкентай ханзада. Сосын ол тағы да сұрақтар қойды: — Жұлдызды қалайша иемденуге болады? — Олар кімдікі? — деп күңк етті іскер. — Білмйемін, ешкімдікі емес. — Демек, менікі болғаны. Өйткені, ол туралы бірінщі маған ой келген. — Осы жеткілікті ме? — Әрине. Сен иесі жоқ алмас тас тапсаң, оны меншіктенесің ғой. Егер сен иесіз арал тауып алсаң, ол сенің меншігің болады. Саған жаңа ой бірінші келсе, сен оның иесі болаың. Ал мен болсам, жұлдыздапды иемденемін, өйткені бұған дейін жұлдыздарды меншіктеу егкімнің ойына кіріп-шықпаған. — Ол рас, — деп қостады Кішкентай ханзада. — Сосын не қыласың? — Мен оларды басқарамын. Оларды қайта-қайта санаймын, — деді іскер адам. Бұл ұиын нәрсе. Бірақ мен ұлағатты кісімін! Кішкентай ханзада бұған да қанағаттанбады. — Егер менде орамал болса, оны мен мойныма орап және өзіммен бәрге алып кете аламын. Егер менің гүлім болса, оны жұлып алып кете аламын. Бірақ сен жұлдыздарды жинап алып кете ламайсың ғой! — Жоқ, бірақ мен оларды банкке салып қоя аламын. — Ол не дегенді білдіреді? — Ол дегеніміз былай: мен жұлдыздардың санын бір шумақ қағаөзға жазамын. Сосын ол қағазды тартпаға саламын да, кілтпен құлыптап қоямын. — Сол-ақ па? — Соның өз де жеткілікті. «Қызық екен, — деп ойлады Кішкентай ханзада. — Тіпті әдемі жырдай. Бірақ айтуға тұрарлық нәрсе емес». Кішкентай ханзаданың көңіл қоюға тұрарлықтай нәрселер туралы ойы ересек адамдардың ойынан мүлдем басқаша болатын. — Меніңше, — деді ол тағы да, менің күн сайын суарып тұратын гүлім бар. Менің меншгімде апта сайын мұржасын тазалап тұратын үш жанартауым бар. Сөніп қалғанын да тазалаймын. «Сақтықта корлық жоқ» деген. Менің иемденуім жанартауларым үшін де, гүлдерім үшін де пайдалы. Ал жұлдыздарға сенен түсер пайда жоқ. Іскер адам аузын ашып еді, бірақ аузына сөз түспеді. Кішкентай ханзада болса бірден жолға аттанып кетті. «Үлкендер шынында да ғажап жандар» деп ойлады ол жол бойы.

Ұқсас ертегілер

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–7 жас · 4 мин оқу

Кішкентай ханзада, 5-бөлім

Кішкентай ханзада 5-бөлім Әр күн сайын мен оның планетасы және сапарға аттанған кезі жайындағы хабарлардың шет-жағасын біліп отырумен болдым. Абайсызда айтылып қалған ой-пікірлер сол жұмбақтың шешуін табуға жол көрсеткендей болады. Осылайша мен бао-баб қасіреті туралы үшінші күні білдім. Бұл жолы да әңгіме сол қошақанның арқасында басталып кетті. Өйткені ханзада кенеттен күмәндана қалып, менен былай деп сұрады: — Айтшы, қойдың бұталарды жейтіні рас па? — Иә, ол рас. — О! Онысына ризамын. Қойдың бұталарды жейтіні неге сонша маңызды екенін әлі түсіне қоймадым. Кішкентай ханзада оған қоса былай деді: — Демек, қой баобабтарды да жейтін болғаны ғой? Мен баобабтың бұта емес, шіркеудің биіктігімен бірдей үлкен ағаш екенін, пілдердің бір үйірін жинап апарса да, баобабтың біреуін де жеп бітіре алмайтынын түсіндіріп бақтым. Пілдердің үйірі туралы естігенде, Кіщкентай ханзада күліп жіберді: — Онда пілдерді бірінің үстіне бірін шығарып қою керек болар еді. Сосын данышпансыған түрмен: — Баобаб ағашы биік болып өскенге дейін аласа бұта болмай ма? — Дәл солай! Бірақ та неге сен қойдың жас баобаб бұталарын жегенін қалайсың ? Екінің біріне белгілі жайт сияқты. «О не дегенің?!» — деп таңданды ол. Мәселенің не нәрседе екенін түсінгенше біраз бас қатыруыма тура келді. Шындығына келгенде, Кішкентай ханзаданың планетасында басқа жерлердегі сияқты пайдалы шөптер мен арам шөптер өседі екен. Ендеше жақсы ұрықтан құнарлы шөптің немесе зиянды ұрықтан арам шөптің өсетіні белгілі. Алайда өсімдік ұрықтары көзге көрінбейді ғой. Олар жер қойнауында, біреуі қылтиып бой көтергенше, жата береді. Әуелі біреуі қылтиып шығып, күнге қарай талпынған, ешкімге зияны жоқ әдемі өсімдіктің сабағына айналады. Егерде шалғам немесе бір шоқ раушан гүлінің сабағы болса, өсіре беруге болады. Ал егер арам шөп екеніне көзің жетсе, ол өсімдікті тамырымен қоса сол мезетте жұлып тастау керек. Ал Кішкентай ханзаданың планетасында аса зор зиянды ұрықтар болған. Ол — баобабтың ұрықтары. Планета қойнауы осындай ұрықтарға толып кеткен. Егер уақытысында құртпасаң, баобабтан ешқашан да құтыла алмайсың. Ол бүкіл планетаны жаулап алады. Оның қойнауын тамырымен жарып шығады. Егер де планета тым кішкене, ал баобаб ағашы тым көп болса, олар планетаны жарып, бөлшектеп жібереді. — Бұл әрине тәртіп мәселесі, — деді маған Кішкентай ханзада кейінірек. Таңертең ұйқыдан тұрып, жуынып-шайынып болған соң, планетаңды ретке келтіруге көшу керек. Баобаб пен раушан гүл бұтасы балауса шақтарында өте ұқсас. Сондықтан баобабты ажырата салысымен, күнделікті отап отыруға тиіссің. Бұл іш пыстыратын, бірақ еш қиыншылығы жоқ жұмыс. Сосын, бір күні Кішкентай ханзада осыны балалардың миына жақсылап құйып қою үшін, маған әдемі бір сурет салып көруге кеңес берді. «Егер олар саяхатқа шықса, керектеріне жарар. Кейде істер ісіңді кейінге қалдырғаннан зиян нәрсе жоқ. Ал егер баобабқа ерік берсең, пәлеге душар боласың. Тұрғыны жалқау бір планетаны білуші едім. Ол дер кезінде үш бұтаға көңіл бөлмей, ақырында...» Кішкентай ханзаданың нұсқауы бойынща, осы планетаның суретін салдым. Елге ақыл айтқанды жаным жек көреді. Бірақ баобабтың қаншама қауіп төндіретінін екінің бірі біле бермегендіктен және астероид үшін бұл қатер өте қомақты болғандықтан, осы жолы әдеттегі ұстамдылығымнан бас тартуға бел будым. «Балалар, баобабқа сақ болыңдар!» — деймін мен. Талайдан бері қасында төніп тұрған қауіпті байқамаған, өзім сияқты бейхабар болған достарымды сақтандырып қою үшін, бұл суретті салуға бар күшімді жұмсадым. Бермекші болған сабағым оған тұрарлықтай еді. Мүмкін, сіз бұл кітапта баобаб бейнеленген суреттей тамаша салынған суреттер неге жоқ деп те ойларсыз? Жауабы өте оңай: мен тырысып-ақ бақтым, бірақ қолымнан мардымды нәрсе шықпады. Ал, баобабты салғанда, бұл суреттің кешіктіруге болмайтын маңызды хабар жеткізетіндігі маған үлкен шабыт берді.

👀 1 адам оқыды

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–12 жас · 5 мин оқу

Кішкентай ханзада, 17-бөлім

Кішкентай ханзада 17-бөлім Білшгіш болып көрінгің келгенде өтірікті аздап араластырып жіберетін кездер болады. Мен сіздерге шырақшылар жайында әңгімелеп, отырып шындықты аздап бұрмалағаным рас. Біздің планетаны мүлде білмейтін адамдарға жалған түсінік беріп қоюым ықтимал. Адамдар жер үстінде көп орын алмайды. Егер екі миллиард жер тұрғындары иықтасып, жиналыста тұрғандай тік тұрған болса, ұзындығы жиырыма мың, ені де жиырма мың шаршы миль алаңға сыйып кетер еді. Бүкіл адамзатты Тынық мұхиттың кішкене бір аралына үйіп төге салуға болар еді. Әрине, үлкендер сізге иланбайды. Олар жерде қомақты орын аламыз деп ойлайды. Олар баобабтар сықылды өздерін маңызды санайды. Сіз оларға есептеуді ұсыныңыз. Ересек адамдар санағанды эанындай жақсы көреді. Мұндай кеңес жандарына жағады. Бас қатырып, іш пыстыратын осы іске алтын уақытыңызды ысырап қылмаңыз. Еш пайдасы жоқ. Маған сенсеңіз болғаны. Сонымен, Кішкентай ханзада жерге келіп түскелі, көзіне тірі жан ілінбегеніне таң қалды. Ол планетаны шатастырып алдым ба деп қобалжи бастаған кезінде айдың сәулесі түсіп тұрған сақина іспетті дөңгелек нәрсе құм үстінде жыбыр ете қалды. — Қайырлы таң! — дей салды Кішкентай ханзада. — Қайырлы таң! — деді жылан. — Мен қай планетаға тап болдым? — деп сұрады Кішкентай ханзада. — Жер планетасына, бұл — Африка, — деп эауап берді жылан. — Ә, солай ма! Сонда жер үстінде адам тұрғаны ма? — Бұл шөл дала. Шөл далада тірі пенлде болмайды. Жер дегеніңіз үлкен, — деді жылан. Кішкентай ханзада тастың үстіне отырды да, аспанға көз тікті: — Мені ойға шомдыратын нәрсе, — деді ол, — жұлдыздар, әр адам ерте ме, кеш пе, өз жұлдызын адаспай тауып алу үшін, жарқырап тұра ма екен. Менің жұлдызым дәл төбемізде тұр... Сонымен қатар ол қаншама алыс қашықтықта десеңізші! — Әдемі екен, — деді жылан. — Сен мұнда не бітіріп жүрсің? — Мен бір гүлмен араздасыпры қалып едім, — деді Кішкентай ханзада. — Ә, солай ма?! — деді жылан. Олар үндемей қалысты. — Адамдар қайда? — деді ақырында Кішкентай ханзада. — Жапан түзде жалғызсырап қалдық қой... — Адамдар арасында да жалғызсырауға болады, — деді жылан. Кішкентай ханзада оған ұзақ қарап тұрып: — Сен өзің бір қызық мақұлық екенсің, — деді ол ақырында. — Саусақтай жіп-жіңішкесің... — Алайда мен патшаның сауасығнан да құдіретім күштірек. Кішкентай ханзада жымиып қана: — Сен соншалықты құдіретті де емессің... сенде тіпті сирақ та жоқ... саяхат жасай да алмайсың. — Мен сені кемеден бетер алысқа алып кете аламын, — деді жылан. Ол Кішкентай ханзаданың тілерсегіне алтын білезіктей оратылды: — Мен тиіскен адам өзі шыққан қара жеріне аттанады, — деді ол тағы да. — Бірақ та сенің жаның пәк екен, әрі сен көктегі жұлдыздан түсіпсің... Кішкентай ханзада еш жауап қатпады. — Мен сені аяп тұрмын, сен осынау тастай қатты Жерде әлсіз көрінесің. Сен планетаңды қатты сағынған кезіңде менің саған көмегім тиер. Мен... — Жарайды, мен өте жақсы түсіндім, — деді Кішкентай ханзада. — Бірақ сен неге ылғи жұмбақтай сөйлейсің? — Бар жұмбақтың шешуін таба аламын, — деді жылан. Сөйтіп екеуі де үндемей қалды.

👀 1 адам оқыды

Авторлық ертегілерШетелдік ертегілерКішкентай ханзада3–7 жас · 3 мин оқу

Кішкентай ханзада, 6-бөлім

Кішкентай ханзада 6-бөлім Иә, Кішкентай ханзада! Сенің мұңды өміріңді біртіндеп, түсіне бастаған сияқтымын. Ұзақ уақыт бойына сенің көңіліңді аулап жүрген нәрсе тек күннің батқанын қызықтау ғана екен. Мен бұл жайында төртінші күні таңертең сен былай дегенде ғана білдім: — Мен алаулап батқан күнді жақсы көремін. Жүр, күннің батқанын көрейік. — Қоя тұр, күте тұруға тура келеді. — Нені күту керек? — Күннің батуын күту керек. Сен әуелі аң-таң болып қалдың да, сосын өзіңнен-өзің күліп жіберіп, маған былай дедің: — Мен өзімді үнемі өз үйімде жүргендей сезінемін! Шынында да осылай. Америка Құрама Штаттарында шаңқай түс болғанда, Францияда күн бататыны барша жұртқа белгілі. Бір минутта Франциға жете алатын болсаң, күннің батқанын қызықтау мүмкін болар еді. Өкінішке орай, Франция өте алыс. Ал сенің кішкентай планетаңда алаулап қызара батқан күнді қызықтау үшін орындықты бірнеше қадамға жылжытудың өзі де жеткілікті еді. Сөйтіп, сенің көңілің ауса болды, ымырт түсіп келе жатқан көкжиекке көз тігетінсің... — Бір күні мен күннің батқанын қырық үш рет тамашаладым! Біраздан соң сөзіңді былай деп жалғадың: — Сен білесің бе? Әбден мұңға батқан кезінде адамдар күннің ұясына барып қонғанына қарағанды жақсы көреді. — Ендеше күннің қырық үш рет батқанын көрген кезіңде көңілің тым жүдеу болған екен ғой? Кішкентай ханзада жауап қайтармады.

👀 1 адам оқыды