Халық ертегілеріҚожанасырҚысқа әңгімелер2–5 жас · 1 мин оқу👀 0 адам оқыды
Сабақты қалай береді
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Қожанасыр бір нәрсесін медресенің мұғаліміне тастап кетеді. Бірнеше күннен кейін әлгі нәрсесін алуға келеді. Мұғалім:
— Бір сағат тоса тұр. Мен мына сабақты біткен соң әкеліп берейін, — дейді.
Қожанасыр мұғалімнің сабақ кезінде сақалы селкілдеп кеткенін көрген еді.
Ол:
— Сен менің нәрсеме барып келе ғой, ал мен сенің орныңа сақалымды селкілдете тұрайын, — депті мұғалімге.