🌙 Gajaiypalem
Халық ертегілеріҚожанасырҚысқа әңгімелер2–5 жас · 1 мин оқу👀 0 адам оқыды

Есектің ақыруы

Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз

Қожанасыр алтын ақшаны лақтырып ойнап отыр екен. Қожанасырдың жаңғалақ істері туралы естіп алған біреу келіп: — Мына ақшаңды маған бер де, орнына мына бақыр тиынды ал, — дейді. — Мен мұндай айырбасқа келісейін, — дейді Қожанасыр, егер сен үш рет қатарынан есекше ақырып берсең. Анау бұған келісіп, үш рет есек болып қышқырып, ақырып береді. — Ал есек, жақсы, — депті сонда Қожанасыр. — Сен, есек, алтын ақшаның бақыр тиыннан артық екенін түсінеді екенсің ғой, ә! Ал сонда қалай, мен соны есек құрлы білмейді деймісің?