🌙 Gajaiypalem
Халық ертегілеріҚожанасырҚысқа әңгімелер2–6 жас · 2 мин оқу👀 0 адам оқыды

Мұғалімі қандай болса, шәкірттері де сондай

Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз

— О, мұғалім мырза, сіз тап қаңғыбас иттей азып кетіпсіз! — дейді. Мұғалім ренжіп қалады, бірақ үндемейді. Екінші шәкірті келгенде, мұғалім оған мұңын шағып: — Өкінішті! Қандай заман бұл? Жаңа ғана бір шәкіртім мені итке теңеді! — дейді. Екінші шәкірті оның көңілін демеу үшін: — Мырза, сіз ол бөспеге сенбеңіз! Сіз әлі-ақ айығып кетесіз, тіпті шошқадай болып семіріп кетесіз! — дейді. Мұғалім онан ары өкпелеп қалады, бірақ үндемейді. Кейінірек оған Қожанасыр келеді, мұғалім тағы да мұңын шаға бастайды: — Құрметті Әпенді, бүгінде халық қалай өзгеріп барады! Бір оқушым мені итке, екіншісі шошқаға теңеді, — дейді ол. — Уайым жемеңіз, тақсыр! — депті Әпенді тұрып. — Мұғалімі қандай болса, оқушылары да сондай болғаны ғой!