Халық ертегілері2-4 жасҚожанасырҚысқа әңгімелер2–5 жас · 1 мин оқу👀 0 адам оқыды
Қожанасырдың жауабы
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:
– Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген, яғни қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, бір түске бояп берші, – дейді.
Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:
– Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.
– Қашан келейін? – дейді анау қулығын асырдым деп мәз болып.
– Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, – дейді сонда Қожанасыр.