🌙 Gajaiypalem
Халық ертегілеріЖануарлар туралы2-4 жасҚазақ ертегілеріҚысқа әңгімелер2–5 жас · 3 мин оқу👀 0 адам оқыды

Түлкі,тасбақа және кене

Әлі баға жоқ

Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз

Ертеде түлкі, тасбақа және кене дос болыпты. Бір күні олар жерден бір уыс тары тауып алыпты. Үшеуі ақылдаса келе тарыны жерге егіп, көбейтіп алып, үшке бөліп аламыз деп шешеді. Түлкі бір жарды көріп: - Мен осы жарды сүйеп тұрайын, құлап кетер – деп, жарды саялап жатып алады. Тасбақа жерді тырналап, тары егеді. Ал кене піскен егінді жиып алады. Олар көп тары алады. Олар түлкіні шақырады. Түлкі келіп, егінді көріп: - Тарыны үшеуіміз бөліссек қаншадан тиеді? Аз мөлшерде шығатын шығар. ОДан да үшеуміз жарысып, кім озса егін соған бұйырсын, – деді. Мақұл деп үшеуі қатарласып, бір жерге келеді. «1,2,3» деп түлкі жүгіре бергенде, кене түлкінің аяғына жабысып кетеді. Түлкі барынша жүгіріп, мәреге бірінші боп жетеді. Сонда кене: - Әй, мені басып өлтіресің бе?!, – деді. Түлкі: - Сен қашан жетіп алғансың? – деп сұрайды. Кене: - Сен бағана «1,2,3» дегенде-ақ мен келіп қалғанмын, – деп жауап береді. Екеуі дауласып жатқанда, ентігіп тасбақа келеді. Тасбақа: - Әй түлкі, мен бір пәле көріп келдім. Жаңа маған екі қара бүркіті және тазы иттері бар ат мінген екі адам келді. «Түлкі жолдасыңды тауып бер» деп мені қорқытты. Түлкі, мен сен туралы айтқан жоқпын. Енді олар маған сенбей, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді. Түлкі: «мені айта көрмеңдер»,- деп жалынады. Түлкі: - Мына тарыны екеуің тең бөліп алыңдар, мен сендерге ризамын. Аңшылар мені сұраса, «білмейміз, қайда кеткенін деңдер», – деп, түлкі қашып кетеді. Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене екеуі бөліп алыпты.

Ұқсас ертегілер

Халық ертегілері2-4 жасҚожанасырҚысқа әңгімелер2–5 жас · 1 мин оқу

Қожанасырдың жауабы

Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып: – Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген, яғни қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, бір түске бояп берші, – дейді. Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды: – Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет. – Қашан келейін? – дейді анау қулығын асырдым деп мәз болып. – Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, – дейді сонда Қожанасыр.

Мақта қыз бен мысық
Халық ертегілері2-4 жасҚазақ ертегілері3–5 жас · 2 мин оқу

Мақта қыз бен мысық

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: – Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: – Менің қатығымды төле! –дейді. Мысық сиырға барады. – Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады. – Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді. Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. – Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді. Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

👀 2 адам оқыды

Халық ертегілері2-4 жасҚожанасырҚысқа әңгімелер2–5 жас · 1 мин оқу

Жұлдыз қалай жасалады?

Қожанасырдан біреу: — Қожеке, осы жаңа Ай туғанда ескі Айды не қылады? — деп сұрайды. Қожанасыр сонда: — Жаңа Ай туғанда, ескі Айды майдалап жұлдыз қылады да, шырағым, — депті.