Қорған дуалынан қарағанда
Авторы: Ханс Кристиан Андерсен
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Авторы: Ханс Кристиан Андерсен
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Бір тәкаппар шәйнек болыпты. Ол өзінің жылтыр фарфорымен, ұзын шүмегімен және әдемі тұтқасымен мақтанып, желпіне сөйлейтін еді. Бірақ ол қақпағының сынғаны, желімделіп жапсырылғаны туралы айтпайтын. Өз бойындағы кемшілікті өзгеге айтуды қайдан ұнамды болсын. Шай жабдығы: кеселер, қаймақ сауыт, қант сауыт барлығы да шәйнектің берік тұтқасы мен әдемі шүмегін мақтаса да, оның кемшілігі туралы абайлап сөйлейтін еді. Шәйнек те мұны жақсы білетін. «Олардың жайын да білемін мен! — дейтін іштей ол. — Өз кемшілігімді де білемін әрі мойындаймын. Және бұл — менің қарапайымдылығым. Кемшілік әр затта бар ғой. Ал оның есесіне әрқайсысының өзіне тән артықшылығы бар емес пе? Кеселердің тұтқасы бар, қант сауыттың қақпағы бар, ал менде осы екеуі бірдей бар: тіпті оларда жоқ әрі ешқашан болмайтын артықшылығым — шүмегім бар. Осы шүмектің арқасында мен шай үстелінің патшасындаймын. Қант сауыт пен қаймақ сауытқа дәм рахатын болар-болмас сезіну ғана бұйырған екен. Ал мен — бұл тұрғыда нағыз бақытқа иемін. Ең шешуші рөлдің иесі менмін. Мен шөлдеген барлық адамның шөлін басып, мейірін қандырушымын. Дәмсіз қайнақ су маған құйылғанда ғана қытайдың хош иісті сусынына айнала алады емес пе!» Шәйнек қайғысыз-қамсыз жастық шағында осылайша сөйлейтін еді. Алайда бір күні үстел үстінде тұрған кезде ол мынадай қиындыққа тап болды: Әлдекім жіңішке әсем қолымен шай құймақ болып жатқан еді. Қолы шәйнекті ебедейсіз ұстады: ол шәйнекті қолынан еденге түсіріп алды. Құлап түскенде шәйнектің шүмегі мен тұтқасы сынып қалды. Қақпақ туралы сөздің қажеті де жоқ еді: оның жағдайы туралы жеткілікті айтылған. Шәйнектің қайнақ суы төгіліп еденде қисая құлап жатты. Ол қатты соққы алған еді. Оған ең ауыр тигені — құлатқан ебедейсіз қолға емес, мұның өзіне жұрттың күлгені болды. «Мұны мен ешқашан ұмытпаспын! — деді шәйнек өз өмірінің баянын өзіне өзі іштей күбірлеп тұрып: — Мені жарамсыз сынық ыдыс деп атады да әлдебір бұрышқа тыға салды. Ал келесі күні аз-мұз май сұрап келген әйелге құты ретінде сыйлай салды. Міне мен сөйтіп бір жүдеу-жадау жағдайға тап болдым. Ішім де, сыртым да ештеңеге пайдасыз, ешқандай мақсатқа жарамсыз болып қалғандай едім. Осылайша аз жатпадым, көп жаттым. Ақыры бір күні менің жаңа өмірім, керемет өмірім басталды-ау... Иә, бүгін бір сипатта боласың, ертең басқа бір сипатқа ие боласың. Сөйтіп мені топырақпен толтырды — шәйнек үшін ішіне не салатыны бәрі бір ғой: сөйтіп менің топырағыма гүл баданасын отырғызды. Мұны кім сыйлады, кім отырғызды — оны білмедім. Бірақ оны маған қытай жапырағы мен қайнақ судың, сынған шүмегім мен тұтқамның орнына сыйға бергендей еді. Бадана менің ішіме толтырылған топырақта жатты. Ол менің жүрегіме, лүпілдеген жанды жүрегіме айналғандай болды. Бұрын мұндай сезім менде ешқашан болмаған еді. Сөйтіп менің ішімдегі топырақта өмір пайда болды, күш қайнап жатты, тамыр соғып жатты. Бадана бүршік жарып шықты. Ол лықылдаған ой мен сезімнің әсерінен сабағынан үзіліп кете жаздағандай еді. Сөйтіп гүлдер шешек атты. Мен оларды сүйсіне қызықтайтынмын. Гүлді мен өз құшағымда аялап еркелеттім. Оның сұлулығы үшін өз-өзімді де ұмыттым! Ал гүл болса, маған рақмет те айтқан жоқ. Ол тіпті мен туралы ойламаған да шығар. Ал оған барлығы сүйсіне қарайтын. Гүлдің өзі бұған қуана білген болса, мен осыған да риза едім. Алайда бір күні мен: «Мұндай әсем гүлге тек әдемі гүлсауыт лайықты!» — деген сөзді естіп қалдым. Сөйтіп аяусыз жанымды ауырта қиратып тастады. Гүлді әдемі гүлсауытқа көшіріп отырғызды. Ал мені аулаға лақтырып жіберді. Сөйтіп мен осында шашылып жатырмын. Бірақ ойымдағы естелікті менен ешкім де тартып ала алмайды!
Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады да қайнатпақшы болады. «Қайнатып, қорек етейін»,— деп ойлайды. Пешке от жағып, маздап кетсін деп, оттыққа бір уыс сабан тастайды. Сонсоң барып шөгенге бұршақ сала берген еді. Оқиға осы арадан басталды. Бұршақты шөгенге салып жатқанда, бір бұршақ еденге ұшып түседі. Ұшып түсіп, сабанның жанына жантая кетеді. Сол арада бір көмір ұшып кеп түседі. Сабан: Құрметті достар, қайдан келдіңдер?— дейді. Mен пештің шықтым,— дейді көмір өйтпегенде мен құритын едім, жанып-жанып, шашылып қалатын едім. Ал бұршақ: Мұнда түскенім — менің де бақытым болды. Өйтпегенде басқа туысқандарым сияқты, мен де қайнап-қайнап ботқаға айналатын едім, дейді. Сонда сабан тұрып: Пешке түспей, мұнда жатқаныма мен де мәзбін,— дейді. Енді не істейміз?—деп сұрайды көмір. Меніңше,— дейді бұршақ,— былай етсек деймін. Жүріңдер, саяхат жасайық. Сөйтейік, сөйтейік!—дейді көмір мен сабан. Сөйтіп, бұршақ, сабан және көмір — үшеуі сапар шегеді. Көп жер жүріп, бір кішкентай бұлақтың жағасына келеді. Бұлақ кіп-кішкентай таспадай екен, бір көпір жоқ болған соң, өту қиынға соғады. Не істеу керек? Сабан ойлап-ойлап былай дейді: — Біз былай етейік: мен бұлақтың үстін кесе-көлденең жатайын, сендер көпірден өткендей менің үстімнен жүріп, өтіп кетіңдер. Үшеуі солай етеді. Сабан бұлақтың үстіне көлденең жатып, оның үстінен ең алдымен көмір жүгіре жөнеледі. Кәдімгі көпірдің үстінен өткендей кетіп барады. Орта жолға жеткенде, құлағын түріп еді, төменде су сылдыр-сылдыр етеді. Шошып кетіп, тоқтай қалады. Судан қорқам, судан қорқам!—деп айқайлады. Айғайлап тұрғанда, астындағы сабан көмірден тұтанып, екіге бөлініп, бұлаққа түсіп кетеді. Көмір де оның соңынан суға күмп береді. «Батып барам, құтқарыңдар!»—деп, біраз шыңғырады да, судың түбіне батып кетеді. Ал бұршақ сақ екен, жағада тұрып қалады. Жағада тұрып, көмір мен сабанды мазақтап ал келіп күлсін ол. Күле, күле, күлкіден жарылып та кетеді. Халі мүшкіл болатын еді, бақытына орай бұлақ жағасында бір қаңғыбас тігінші отырса керек. Тігінші инеге жіпті сабақтап жіберіп, жалма-жан екіге бөлінген бұршақты біріктіріп көктеп қояды. Тігіншінің ақ жібі болмаған соң, қара жіппен көктеген болатын. Содан бері бұршақ біткеннің ортан белінде қара тігіс қалып қойса керек.
Баяғыда бір диірменші болыпты. Әлгі диірменшінің әрі ақылды, әрі мықты бір жақсы есегі болса керек. Жануар диірменде көп жыл қара жұмыс істеп, қап-қап ұнды таси-таси, ақырында әбден қартайыпты. Бір күні иесі есегіне қараса, құр сүлдері тұр, жүк тасыр қауқары қалмапты, сондықтан да оны ұрып-ұрып қуып жібереді. Есектің зәресі ұшады: «Қайда барам, қайтіп күнелтем? Қаусаған, өлмелі түрім болса мынау. Табанда басына бір ой келеді: «Қой, бүйткенше, неміс шаһары Бременге барайын, көшеде ән салып жүрермін. Осыған белін бекем буады да, неміс шаһары Бременге қарай беттеп жүріп кетеді. Есек анда-санда есекше бақырып қойып, жолда жайлап келе жатқан. Бір уақытта тосыннан: жол үстінде тілі салақтап, екі иінінен дем алып жатқан аңшылық итін көреді. — Неғып шаршап-шалдығып жатырсың, итім-ау?— деп сұрайды есек.— Не болды саған? — Болдырып жатырмын,— дейді ит.— Ұзақ жүгірдім, содан әбден сілем құрып, шаршап қалдым. — Сонша жүгіретіндей басыңа не күн туды, итім-ау?—деп сұрайды есек. Ой, есеке-ай,— дейді ит,— есірке, есіркей гөр мен пақырды! Мен бір аңшының иті едім, талай-талай дала кезіп, саз кештім. Енді қартайдым, ием мені өлтірмек болды.Содан, міне, қашып құтылдым, бұдан былай қайтерімді өзім де білмеймін. Маған ер, Бремен шаһарына барамыз,— дейді есек.— Көшеде жүріп ән саламыз. Даусың жақсы көрінеді, абалап қатты үретін де шығарсың. Сен ән салып, барабан соғасың,мен ән салып, гитара тартамын. — Несі бар, барсақ, барайық,— дейді ит. Екеуі жұбын жазбай жүріп кетеді. Анда-санда есек есекше бақырып, ит итше абалап қойып жүріп келеді. Екеуі жүріп келеді, жүріп келеді, бір уақытта тосыннан жол үстінде жабырқап, мұңайып отырған мысықты көреді. Есек: Неғып мұңайып отырсың?— деп сұрайды мысықтан. Ит: — Неғып жабырқап отырсың? – деп сұрайды. — Уһ,- дейді мысық, - есек-ау есіркей көріңдер мен пақырды. Мен бір әйелдің мысығы едім, қолында көп жыл тұрдым. Егеуқұйрық ауладым, тышқан ұстадым. Енді, міне, қартайдым, тістерім мұқалды. Тышқан ұстай алмайтынымды білген соң, әйел мені өзенге тастап жібермек болды. Содан қашып құтылдым. Бұдан былай қайтерімді, қайтіп күнелтерімді өзім де білмеймін. — Олай болса, мысық,— дейді есек,— бізге еріп жүр, Бремен шаһарына барамыз, көшеде жүріп ән саламыз. Даусың жақсы көрінеді сен ән салып, скрипка ойнайсың, ит ән салып барабан соғады, ал мен ән салып, гитара тартамын. — Несі бар, барсақ, барайық,— дейді мысық. Үшеуі жұбын жазбай жүріп кетеді. Анда-санда есек есекше бақырып, ит итше абалап, мысық мысықша мияулап қойып, жүріп келеді. Үшеуі жүріп келеді, жүріп келеді, бір уақытта бір ауланың жанынан өте бергенде, тосыннан қақпада отырған әтешті көреді. Әтеш кеңірдегін созып, бар даусымен «ку-ка-ре-ку» деп шақырып отыр. — Әтеш-ау, сонша бақырғандай не болды?— деп сұрайды есек. — Бір пәлеге ұшырадың ба?— деп сұрайды ит. — Бәлкім, біреу ренжітті ме?—деп сұрады мысық. — Уһ,— дейді әтеш,— есек-ау, ит-ау, мысық-ау, есіркеңдер, есіркей көріңдер мен пақырды. Ертең менің қожамның үйіне қонақтар келеді, мені сойып, соларға асып бермекші Енді қайтем? — Олай болса,— дейді есек,— бізге еріп жүр, Бремен шаһарына барамыз, көшеде жүріп ән саламыз. Даусың жақсы көрінеді, сен ән салып, балалайка тартасың, мысық ән салып, скрипка ойнайды, ит ән салып, барабан соғады, ал мен ән салып, гитара тартамын. — Несі бар, барсақ, барайық,— дейді әтеш. Төртеуі жұбын жазбай жүріп кетеді. Анда-санда есек есекше бақырып, ит итше абалап, мысық мысықша мияулап, әтеш әтешше шақырып қойып, жүріп келеді. Төртеуі жүріп келеді, жүріп келеді, бір уақытта қараңғы түседі. Есек пен ит дәу еменнің түбіне жайғасады, мысық бұтаққа шығып алады, ал әтеш ағаштың ұшар басына қонақтап, төңіректі шолып, қарауыл қарап отырады. Қарай-қарай, ақырында анандай жерде жылт-жылт еткен отты көзі шалады. — Бір от жылтылдайды!—дейді әтеш айғайлап. — Ол не от екен, білу керек. Бәлкім таяу жерде үй бар шығар,— дейді есек. — Бәлкім, ол үйде ет бар шығар. Шіркін, жер ме еді,—дейді ит. — Бәлкім, ол үйде сүт бар шығар. Шіркін, ішер ме еді,— дейді мысық. — Бәлкім, ол үйде тары бар шығар. Шіркін шоқыр ма еді,— дейді әтеш. Төртеуі орындарынан тұрып, отқа қарай жылжиды. Бір алаңға шыға келсе, алдарында үй тұр, терезесінен от жылт-жылт етеді. Есек таяу барып терезеден қарайды. — Есек-ау, не көріп тұрсың?—деп сұрайды әтеш. — Көргенімді айтсам,— дейді есек,— түрлі тағам алдарында, дастарқан басында бір топ қарақшы отыр. — Шіркін, қарнымның ашып тұрғаны-ай!— дейді ит. — Шіркін, шөлдеп тұрғаным-ай!—дейді мысық. — Қарақшыларды үйден қалай қуып шығамыз?—дейді әтеш. Есек алдыңғы екі аяғын жайлап апарып терезенің жақтауына қояды, ит есектің, мысық иттің арқасына шығып алады, ал әтеш болса мысықтың басына ұшып барып қонады. Сол-ақ екен, бәрі бірден: Есек есекше, ит итше,төртеуі әрі ойлап, бері ойлап, мынадай амал табады. Мысық мысықша, әтеш әтешше — бәрі шақырып, бақырып, абалап, мияулап лап қоя береді. Сол бетімен олар улап-шулап, терезеден үйге қарғып түседі. Қарақшылар қорқып, тым-тырақай қашып, орманға кіріп кетеді. Есек, ит, мысық, әтеш — төртеуі дастарқан басына алқа-қотан отырып тамақ жеуге кіріседі. Тойғандарынша ішіп, жеп болып, ұйқыға бет алады. Есек қорадағы шөпті жастанып, ит табалдырықтың алдына жайғасады, мысық жылы пештің үстіне бүк түсіп жатады, ал әтеш болса қақпаға шығып қонақтайды. ІІІамды сөндіріп, бәрі ұйқтап қалады. Ал қарақшылар болса үйлеріне тасадан көз жүгіртіп, орманда бұғып отырған бола. Терезеден жарық өшіп, қараңғы болғанын көреді. Үйде не болып жатқанын біліп келуге бір қарақшыны жібереді. Бәлкім, олар бекер қорыққан болар. Қарақшы үйге келіп, есік ашып, ас үйге кіреді. Пештің үстінде жылтыраған екі отқа көзі түседі. «Сірә, бұл көмір болар,— деп ойлайды қарақшы.— Шырағданымды тұтатып ала қояйын». Отқа шырағданын тигізіп қалады, ал бұл от мысықтың көзі болатын. Мысық ашуланып, атып тұрып, быр ете түседі де, қарақшыны тырнап кеп алады. Қарақшы есікке қарай жалт бергенде, ит аяғын қауып алады. Қарақшы қораға атып шыққанда, есек бүйіріне теуіп жібереді. Қарақшы қақпаға қарай беттегенде, әтеш «кукәреку» деп бақырып жібереді. Қарақшы аяғы аяғына тимей, орманға қарап зытып береді. Жолдастарына келіп: — Құрыдық!—дейді.— Үйімізді бір дәулер келіп мекендеп алыпты. Біреуі ұзын саусақтарымен бетімді тырнады, екінші біреуі пышақпен балтырымды орып жіберді, үшінші біреуі арқама шоқпармен періп қалды, ал төртіншісі ұста ұрыны!» деп соңымнан айғай салды. — Қап,— дейді қарақшылар,— онда бұл арадан тезірек қарамызды батыруымыз керек. Шынында да, қарақшылар бұл орманға енді қайтып аяқ баспастай болып, көздерін жоғалтады. Ал Бремен әншілері — есек, ит, мысық, әтеш — төртеуі әлгі үйде өмір бақи мекендеп қала берсе керек.