Қола қабан
Авторы: Ханс Кристиан Андерсен
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Авторы: Ханс Кристиан Андерсен
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Әлдебір патшалықта бір кедей адам өмір сүріпті. Кедейліктің шегіне жеткені соншама, өсіріп отырған ұлына ішіп-жерлік тамақ тауып беруі де қиынға соғыпты. Ақыры бір күні ұлы оған былай депті: «Ардақты әкешім менің, сіздің бізді асыраймын деп соншалықты қиналғаныңызды сезіну мен үшін де ауыр болып жүр. Былайша қиналып жүргенше, маған рұқсат беріңіз: үйден кетіп, өз тамағымды өзім тауып жеуге тырысып көрейін». Әкесі ойлана келе ұлының ұсынысына келісіп, оған батасын беріп, қимай қоштасып қала беріпті. Жыланның үш жапырағы туралы ертегі. ағайынды гриммдер ертегілері, ағайынды гриммдер Сәтіне салғанда, дәл осы уақытта бір құдіретті король көрші мемлекетке соғыс жариялағалы жатқан екен. Жас жігіт патша әскеріне қызметке алынып, соғысқа аттанып кетеді. Сөйтіп екі жақтың әскері бетпе-бет келіпті. Шайқас басталған кезде ғана бозбала өзінің қандай қатерге бас тіккенін білді: қорғасын оқ бұршақтай жауып, жанындағы қаруластары бірен кейін бір қаза тауып жатты. Бас сардар қаза болды деген кезде әскерлер тіпті шегініп қаша бастаған болатын. Бірақ дәл осы кезде біздің жігіт жауынгерлерді сөзбен жігерлендіріп: «Отанымыздың жеңілуіне жол бермейік! Алға!» — деп айқай сала ұрандап алға ұмтылды. Қашпақ болғандар да еріксіз мұның соңынан еріп алға ұмтылады. Бұлар сөйтіп жаудың шабуылын біржола тойтарып жеңіп шығады. Жеңіске осы жігіттің ержүректігі арқылы жеткенін естіген король оны саптың алдына шығарып мадақтап, мол байлықпен марапаттапты. Осыған қоса жігітті осы патшалықтағы ең жоғары лауазымды шенеунік етіп тағайындайды. Корольдің өте сұлу, бірақ мінезі де аса кінәмшіл қызы бар екен. Ол өзінің болашақ жары болатын адамды таңдауда мынадай шарт қойған екен: «Егерде мен жұбайымнан бұрын өмірден өтетін болсам, ол менімен бірге тірідей көмілуі тиіс. Мен осыдан тартынбайтын адамға ғана тұрмысқа шығамын!» — деп өз-өзіне ант беріпті. «Егерде ол мені шын сүйетін болса, — депті ханшайым, — мен өлгеннен кейін оған өмір сүрудің не қажеті бар?» Ханшайымнан сырттай дәмелі ханзадалар мен мырзалардың бәрі оның бұл қисынсыз антынан қорқып оны айттырудан қашады. Тек оның ғажайып сұлулығынан басы айналған біздің бозбала ғана ештеңеге қарамастан қызына үйленбек болады. Сөйтіп корольдің өзіне барыпты. «Жарайды, солай болсын делік, — дейді король, — бірақ сен, қандай ант беретініңді білесің бе?» — «Егерде жарымның соңында қалар болсам,- дейді бозбала, — молаға онымен бірге көмілуге тиіспін. Бірақ менің оған деген махаббатымның ұлылығының қасында маған бұл сынақ ешқандай қорқынышты емес». Осыдан кейін король оған ықылас-батасын беріпті. Екі жастың үйлену тойы зор салтанатпен өтіпті. Жас жігіт өзінің сүйіктісімен бірге махаббат пен татулықта өмір сүріп жатқанына біршама уақыт өткен кезде олар мынадай бір бақытсыздық жағдайға тап болыпты: сұлу ханшайым дауасыз дертке шалдығыпты. Қанша тырысса да ешбір дәрігер оны емдей алмапты. Ақыры ол жан тапсырғанда, жас жігіт кезінде оған берген уәдесін ойлап қамығады. Әйелімен бірге молаға тірідей көмілетінін ойлаған кезде ол қорқыныштан қалтырап кетеді. Бірақ бұдан бас тартатын еш жағдай жоқ еді: король барлық қақпаға күзет қойып тастаған, енді бұл тағдырдың салғанына көнуге тиіс еді. Жерлеу күні жеткен кезде ханшайымның денесі корольдік сағанаға түсіріледі. Жұбайы жас жігітті де бірге кіргізіп, сағананың есігін құлыптап жауып тастайды. Жас жігіт сағана ішіндегі табыттың жанына үстел қойылғанын көреді. Онда төрт шам, төрт бөлке нан және төрт құты шарап қойылған екен. Аз уақыт қорек қылатын осы тамақ пен сусын таусылған кезде жас жігіт ашығып отырып өмірімен қоштасуға тиіс екен. Сөйтіп ол моланың ішінде қайғыдан қапа болып отырған қалпы күніне тілім нан ғана жеп, бір жұтым шарап қана ішіпті. Бірақ ажалдың күн сайын біртіндеп таяп келе жатқанын әлсіреп бара жатқанынан сезіп отырады. Таяу арада бастан өткерер ауыр халді ойлап қайғырып отырғанда жас жігіт кенет сағананың бұрышынан табытқа қарай жорғалай жылжып келе жатқан жыланды көреді. Ол табытқа таяй түседі. Жас жігіт жылан әйелімнің мәйітін кеміруге келе жатқан болар деп ойлайды. Сөйтіп ол қолына семсерін ұстап тұрып: «Менің жаным бойымда тұрғанда оған жақындаймын деп ойлама!» — дейді де жыланды үшке бөліп шауып тастайды. Аз уақыт өткенде бұрыштағы тесіктен тағы бір жылан жорғалап шығып келеді. Бірақ ол алғашқы жыланның бөлшек-болып туралып жатқанын көріп, әп-сәтте ініне қайта кіріп кетеді. Сөйтеді де, езуіне үш жасыл жапырақ тістеп алып қайта оралады. Ол өлген жыланның үш бөлігін тірі кезіндегідей біріктіріп жинайды да, әр бөліктің ортасына бір жапырақтан тастайды. Сол сәтте семсермен шабылған бөліктері еш ізсіз жалғанған жыланға жыбырлап жан бітіп тіріледі. Сөйтеді де екі жылан жылдамдата жорғалап інге кіріп кетеді. Әлгі үш жапырақ жылан тірілген орында қалып қойған. Мұндай ғажайыпқа куә болған бозбаланың басына: «Жыланды қайта тірілткен бұл жапырақтардың әлдебір ғажайып тылсым күші бары анық. Мүмкін, адамға да дәл осылай әсер ететін шығар, неге солай жасамасқа!» — деген ой келіпті. Сөйтіп ол жапырақтарды теріп алады да, біреуін марқұм әйелінің ерніне, келесі екеуін көзіне қояды. Осылай әрекет жасай бастағаны сол еді, әйелінің қан тамырлары қайтадан бүлкілдей соғып, сұп-суық беті қызыл шырайлана бастапты. Жары терең тыныс алады да көзін ашып: «О, құдайым! Мен қайда жатырмын?» — деп таңдана сұрайды. Жас жігіт сонда: «Сен менің жанымдасың, сүйікті жан жарым!» — деп жауап береді. Ол осыған дейін болған оқиғаның бәрін жарына баяндап беріп, оның өмірге осылайша қайта оралғанын айтады. Сөйтіп ол ханшайымға шарап пен нан ұсынып ауқаттандырады. Тамақпен қоректенген әйелі біртіндеп әл жинап сергіп қалады. Сөйтіп жарын табыттан тұрғызып алған соң екеуі сағананың есігіне келіп бар дауыстарымен айқай салып, ұрғылай бастайды. Мұны жоғарыдағы күзетші естиді де, корольге баяндайды. Король өзі келіп сағанаға түсіп, есікті ашады. Өлді деген қызы мен күйеубаласының тірі, әрі сап-сау екендігін көріп, бастарына түскен ауыр қайғы-қасіреттен аман құтылғанына король шексіз қуаныпты. Жас жігіт жыланнан қалған үш жапырақты сағанадан ала шығады. Сөйтеді де өзінің сенімді қызметшісіне: «Мұны өзіңмен бірге әрдайым мұқият сақтайтын бол. Қандай жағдайда болмасын, өзіңмен алып жүр: мүмкін мұның бізге алдағы күндерде тағы да керек болып қалмасына кім кепіл?» — дейді. Сөйтіп өмір сүріп жатқанда кінәмішл ханшайымның мына қылығы жөнінде айтқан жөн болмақ: оның өмірлік көзқарасында күрт өзгеріс болады. Ханшайымның өзіне қайтадан өмір сыйлаған сүйікті жұбайына деген сүйіспеншілік сезімі суып кеткен еді. Осы кезде жас жігіт теңізді көктей өтіп жүзіп барып, артта қалған кәрі әкесіне сәлем беріп жолығу үшін зайыбымен бірге кемеге отырады. Өзін өлімнен құтқарған жұбайына деген махаббатын адал сезімін жоғалтқан ханшайымның көңілі осы кеменің иесіне ауған еді. Сөйтіп бір күні жас жігіт ұйқыға кеткен кезде, әйелі кемешіні шақырып келіп, екеуі оны бас-аяғынан ұстап көтеріп алып, кеменің жиегінен теңізге лақтырып жібереді. Бұл қатігездікті жүзеге асырған соң ол кемешіге: «Енді кемені кері бұр. Үйге қайтайық, әкеме күйеуім жолда қайтыс болды деп айтамын. Мен сені әкемнің алдында беделіңді асырып, мақтайтын боламын. Сонда ол мені сенімен үйлендіреді, уақыты келгенде король тәжін де саған беретін болады», — дейді. Бұл сұмдықтың бәрін естіп көріп тұрған адал қызметшісі кішкентай қайықты кемеден білдіртпей ағытып алып, қожайынының соңынан жүзіп жетеді де, сатқындардың алыстап кетуін күтеді. Қызметшісі қожайынын судан шығарып алған кезде әлдеқашан өліп қалған екен. Бірақ әрдайым өзімен бірге алып жүрген, жыланнан қалған үш жапырақтың көмегімен қожайынын әп-сәтте тірілтіп алады. Сөйтіп олар қайықтың ескегін күні-түні бар шамасынша жылдамдатып есе береді. Кішкентай қайықтың теңізбен жылдам жүзгені соншама, үлкен кемеден бұрын айлаққа жетіп, кәрі корольдің алдына келіп үлгереді. Күйеубаласының өзі ғана жалғыз оралғанына таңданған король одан жолда не жағдай болғанын анықтап сұрайды. Король өз қызының зұлымдық іс-әрекеті туралы естігенде: «Оның осыншама ақымақтыққа барғанына сенгім келмейді, бірақ көп кешікпей шындық айқын болады», — дейді. Сөйтеді де күйеубаласы мен оның қызметшісіне біршама уақытқа жасырын бөлмеге кіріп ешкімнің көзіне түспей тасалана тұруды бұйырады. Біраздан соң кеме де жағалауға жүзіп жетеді. Қаскүнем қызы қайғыға батқан кейіпке еніп әкесінің алдына келеді. Король сонда қызынан: «Неге өзің жалғыз оралдың? Жұбайың қайда?» — деп сұрайды. «Ойбай, әкешім-ау, — деп жауап береді қызы — мен үйге ауыр қайғы арқалап келіп отырмын: жүзіп кетіп бара жатқанымызда күйеуім кенет сырқаттанып қаза болды. Егер мына мейірімді кемеші маған жан жақты көмек көрсетпегенде, мен де аман қалмаған болар едім. Ол да жұбайым қайтыс болған кезде кемеші демеу болған еді және оқиғаның қалай болғанын ол да нақтылап айтып бере алады». Сонда король қызына: «А, солай ма? Ендеше мен сенің марқұм күйеуіңді тірілтейін!», — дейді. Сөйтеді де жасырын бөлменің есігін ашып күйеубаласы мен оның сенімді қызметшісіне бері қарай шығып келіңдер деп бұйырады.
Ерте заманда бір өте бай әрі қуатты патша өмір сүріпті. Оның байлығы, жиған алтын күмісінің көптігі соншама, мұншама қазына ешбір патшаның тіпті түсіне де кірмеген екен. Патша өзінің ханымымен тату-тәтті ғұмыр кешіпті. Тек қана өздерінен туған балалары болмағанына кейде қатты өкініш білдіріп, бала асырап алсақ деп армандапты. Бір күні бұл істің орайы келіпті: өздерінің досы, көрші елдің патшасы қайтыс болып, кішкентай қызы жетім қалады. Патша мен ханым жетім қалған ханшайымды өз сарайларына алып келіп, асырап алады. Кішкентай қыз күн сайын гүлдей жайнап өсіп, айдай сұлу ару болып бойжетіпті. Өздерінен тумаса да, асырап баққан қыздарының мұндай көрікті ару болып өскеніне патша мен ханымы керемет қуанып, риза болып жүріпті. Күндердің күнінде ханым ауыр науқасқа ұшырапты. Патша күннен күнге халі нашарлап бара жатқан әйелінің жанында болады. Бұл аурудан енді жазылмайтынын білген ханым ақыры бір күні патшаға әлсіз дауыспен былай депті.: — Менің ажалым таяды. Өмірден өтер алдында сенен бір нәрсені өтініп тапсырайын. Мен өлген соң қайта үйленсең, ол алатын әйелің менен де сұлу, әрі ақылды болатын болсын! Патша бұл сөзді естігенде өкіріп жылайды да, әйеліне уәде береді. Әйелі кешікпей қайтыс болады. Ханымды жерлеген соң патша қайғыдан құсаланып, ештеңеге зауқы соқпай жата-жата қартайып кетеді. Ақыры бір күні қайғыдан езіліп жатқан патшаға уәзірлері кіріп келіп, бұдан әрі қайғырып жатудың мәнісі жоқтығын айтумен болады. Сөйтіп патшаға үйленуге кеңес береді. Патша болса оларды тыңдағысы да келмейді . Алайда уәзірлері құлағына маза бермеген соң патша оларға былай дейді: — Мен марқұм ханымыма өзінен көрікті де сымбатты әйел болса ғана аламын деп уәде берген едім. Бірақ бұл өмірде ондай жанды әлі кездестіре алмадым. Сондықтан да мен үйленбеймін! — дейді. Уәзірлер патшаның сәл де болса беті бері қарағанын пайдаланып, бұдан былай оған небір сұлулардың портреттерін әкеліп көрсете бастайды. Бірі болмаса бірі патшаға ұнап қала ма деген ойлары еш орындалмапты. Ақыры, бір күні бас уәзір патшаға былай деп айтуға мәжбүр болыпты: — Мәртебелі тақсыр, сіздің тәрбиеңіздегі ханшайым сондай сұлу, әрі ақылды ғой, сізге содан артық әйел болатын адамды таппайсыз! Оның көркі де марқұм ханымнан еш кем емес! Патша бұл сөзге ұзақ ойланады, ақыры жас ханшайымға үйленуге келісіп, оған өзіне әйел болуға ұсыныс жасапты. Сарайдағылардың бәрі бұл шешімге риза. Тек бойжеткен кәрі патшаға тұрмысқа шықуды қаламайды. Патша болса мұны тыңдағысы да келмейді. Тезірек үйлену тойына дайындалуға бұйрық береді. Жас сұлу не амал жасарын білмей тарығады. Сөйтіп отырғанда өзінің қайырымды сиқыршы апасы Сирень есіне түсіп, содан ақыл сұрамақ болады. Сол түні-ақ қошқар жеккен алтын арбамен апасына аттаныпты. Сиқыршы оны мұқият тыңдайды: — Қымбаттым, келісіміңді бер, — деп ақыл үйретеді сиқыршы, — түбі жаман болмайды. Ең алдымен патшадан аспан түстес көкпеңбек көйлек әперуін сұра. Бірақ ондай көйлекті саған тауып бере алмайды. Ханшайым сиқыршыға алғысын айтып, сарайға оралады. Таңертең ол аспан түстес көк көйлек тігіп бермейінше, өзіне тұрмысқа шықпайтынын айтады. Патша елдегі ең үздік шеберлерді жинап алып, оларды аталған көйлекті тігуге отырғызады. — Егерде бұл көйлектерің ханшайымға ұнамайтын болса, — дейді патша — бәріңді дарға асатын боламын! Келесі күні шеберлер алтын сары бұлттар бейнеленген көгілдір аспан түстес әсем көйлекті дайындап алып келеді. Көйлекті қолына алған ханшайым қуанғанның орнына, соншалықты қорқып кетті. Ол сиқыршыға тағы да аттанып, енді не істеу керектігін сұрайды. Сиқыршы аса қобалжыған сыңай танытып отырады да, патшадан енді сүттей аппақ көйлек тіктіруді сұрауға кеңес береді. Патша ханшайымның айтқанынан еш бас тартпайды. Ол нағыз шеберлерді жинатып алып, әмірлі дауыспен ертеңге дейін көйлектің дайын болын бұйырады. Бұйрық орындалады. Бұл әсем көйлекті көргенде ханшайым бұрынғысынан да қайғыра түседі. Сиқыршы Сирень ханшайымның екінші жолы да қиналып отырғанын сезіп оның жанынан табылады: — Мінеки, патша сенің бұйырғаныңды екі жолы да орындап отыр. Енді тағы бір рет тапсырма беріп көрелік! Бұл жолы қолдарынан келмес. Дәл күндей жарқырап тұратын көйлек тіктіріп берсін. Қалай болғанда да біз уақыт ұтарымыз анық. Ханшайым бұл тапсырмамен келіседі де, патшадан дәл осындай көйлек тіктіруді талап етеді. Патша: «Қалай болғанда да көйлек күндей жарқырап тұратын болсын, қосып тігіңдер!» — деп өзінің тәжіндегі барлық асыл тастардың бәрін жұлып алып, тігіншілерге береді. Көйлекті ертеңінде алып келгенде бәрінің көзі сығырайып, қарай алмайды. Көйлек расымен де күндей жарқырап тұр еді. Тек ханшайым ғана қуанбады. Ол жарықтан көзім ауырып кетті деп өз бөлмесіне барып жатып алып, еңіреп жылайды. Өзінің айтқан барлық айла-ақылы жүзеге аспағанына сиқыршы Сирень де қатты қапалы еді. — Ендеше, балақай, — дейді ол ханшайымға, — патшадан өзінің сүйікті есегінің терісін әкеліп беруін талап ет. Олай жасамайтыны анық, мен білсем! Айта кету керек, сиқыршы терісін әкеліп бер деп шарт қойғызып жатқан есек — жай ғана есек емес еді. Таң сайын оның жатқан жеріндегі сабан мен көңнің беті жарқыраған алтын мен күміске толып қалатындықтан, патша бұл есекті жақсы көріп, оны сақтап бағып-қағатын еді. Ханшайым іштей қатты қуанды. Ол патшаның есекті өлтірмейтіндігіне сенімі әбден зор еді. Көтеріңкі көңіл күймен патшаға жеткен ол есектің терісін талап етті. Патша ханшайымның мұндай оғаш талабына таң қалады. Дегенмен, кешке таман қызметшілер патша есегінің терісін алып келіп беріпті. Қыз онымен енді не істейтінін білмейтін еді. Осы кезде сиқыршы пайда болып ханшайымға былай деп ақыл берді: — Қапалана берме, сұлуым! — дейді ол — Мүмкін осы жолы бәрі жақсы болар. Есектің терісін жамыл да, бұл қамалдан жылдам шығып кет, қызым. Өзіңмен бірге ештеңе алып шықпа: көйлектерің, киімдеріңнің бәрі сиқырлы сандықта болады. Қалаған кезіңде таяқшамен жерді түртіп қалсаң, әп сәтте аяғыңның астынан табылады. Ал, енді жылдам кет бұл жерден! Ханшайым сиқыршының бетінен сүйді де, есектің жиіркенішті терісін жамылып, ешкім танымайтындай бетіне күйе жағып алып сарайда шыға берді. Ханшайымның жоғалып кетуі үлкен әуре-сарсаңға ұласты. Патша ханшайымның соңынан қууға мыңдаған салт аттылар мен әлденеше мың жаяу жауынгерлерді жіберді. Бірақ сиқыршы ханшайымды ешқандай көрінбейтіндей етіп тастағандықтан, патша қызметшілері оны байқаған да жоқ. Ақыры, амалы таусылған патша іздеуді тоқтатты. Ал бұл кезде ханшайым жолмен ұзақ жүрді. Қарны ашқан ханшайым жолда үйден үйге кіріп тым болмағанда қызметші болдырып алуларын өтініпті. Бірақ есектің жиіркенішті терісін жамылған қызды ешкім де паналатқысы келмепті. Ақыры ол жүре-жүре бір үлкен үйдің жанына келіпті. Бұл үйдің қожайыны ұсқынсыз қызды өзіне жұмысқа алмақ болыпты. Үй иесінен не істеуі керектігін сұрағанда, күректауықтарға жем беру, қой жаю және шошқаның науасын тазалауды тапсырыпты. Ханшайымды асүйге орналастырады. Бірінші күннен бастап-ақ бәрі мұны мазақтай бастады. Бәрі де біртіндеп бұған бойларын үйретті. Өзі де бой үйретті. Жұрттың бәрі оны Есектің терісі деп атапты. Бір күні бұлақтың жағасында отырған қаншайым айнадай жалтыраған судан өз бейнесін көрді. Жиіркенішті есек терісіне қарап ол шошып кетті. Өзінің алба-жұлба түрінен қорланған ол есектің терісін лақтырып жіберіп, суға күмп берді. Кері қайтқанда қайтадан есек терісін тағы да жамылуға тура келді. Ханшайымның бақытына жарай келесі күні мереке болғандықтан, жұмысқа жеккен жоқ. Осы сәтті пайдаланған ол өзінің байлыққа малынған көйлектерінің бірін кимек болды. Ханшайым жерді таяқшамен бір рет түртіп қалғанда киім-кешек салынған сандық алдында тұра қалды. Ханшайым көгілдір көйлегін алып шығып, өз бөлмесіне барып киіне бастады. Ол өзін өзі айнадан қарап, ғажайып көйлектеріне риза болды. Осыдан кейін әр мереке сайын ол өзінің қымбат көйлектерін киіп сәнденетін болды. Бірақ Қошқар мен Күрекетауық екеуінен басқа ешкім мұны білмейтін. Оны барлығы да жиіркенішті есек терісін жамылып жүрген соң Есек терісі дейтін еді. Бір күні мынадай бір оқиға болыпты. Үйде ешкім жоқта ханшайым есектің терісін шешіп, өзінің сиқырлы сандығындағы ең сәнді көйлекті киіпті. Ол аулаға шыққан кезде, аңнан қайтып келе жатып қожайынның ауласына демалуға тоқтаған жас ханзадамен ұшырасып қалыпты. Ханшайым өзін танып қояды екен деп, зәресі ұшып үйге қарай қашады. Қыздың сұлулығына таң-тамаша қалған ханзада қожайынның келуін күтіп, одан үйіндегі бейтаныс қыз туралы сұрапты. — Менің үйімде ондай сұлу қыз жоқ, тек кір-қожалақ Есек терісі деген ұсқынсыз қыз ғана бар, — деп жауап береді қожайын. Ханзада бейтаныс сұлуға ғашық болып қалады, тек соны ғана ойлайды. Ақыры қайғыдан сарғайып, ауырып қалады. Патша мен ханым ұлы не айтса соны орындауға дайын еді. Ақыры ханзада былай деп өтінеді: — Сол Есектің терісін жамылған қыз маған арнап бәліш пісіріп әкеліп берсінші. Келесі күні бәліш сарайға жеткізіліпті. Ханзада оны сүйсініп жей бастағанда, бәріштердің бірінің арасынан сақина шығады. Сақина ұн илеп жатқанда ханшайымның қолынан абайсызда сусып түсіп қалған екен. — Мейлі, кім болса сол болсын, осы жүзіктің иесіне үйленемін! — деп айқайлап жібереді ханзада. Патша ең әуелі өз патшалығындағы барлық ақсүйек қыздарды шақыртып, оларға сақинаны кигізіп өлшетіпті. Бірақ ешқайсысының саусағына жүзік дәл келмейді. Кезек қызметшілерге де келіпті. Ақыры жүзікті Есек терісі киген кезде, оның саусағына құйып қойғандай дәл келіпті. Қыз үстіндегі есектің терісін шешкен кезде, алдарында тұрған ғажайып сәнді көйлек киген айдай арудың тіл жеткізісіз, көз тойғысыз сұлулығы сол жерде тұрғандардың барлығын таң тамаша қалдырыпты. Қыз патша мен ханзадаға өзінің басынан өткен тарихын түгелдей әңгімелеп беріпті. Патша бұл оқиғаны әбден тыңдағаннан кейін бірден ханзадамен қызды үйлендірмек болып шешіпті. Ақыры солай болыпты. Ерекше салтанатпен өтіп жатқан үйлену тойы үстінде ханзада мен қалыңдық бір-бірінен көз айырмай сүйсіне қарап отырыпты. Есек терісін жамылған қыз осылайша өз бақытына қол жеткізіпті.
Біз бетіне тұтас жапырақ пен гүлдің суреті және әр түрлі оюлар салынған, өзі әбден қарайып кеткен баяғының кәдімгі екі кебежесін көріп пе едіңіз? Үлкен әжеден мұраға қалған дәл осындай кебеже бөлменің ішінде тұр. Беті толған өрнек раушан, қызғалдақ гүлдерімен, тағы басқа неше түрлі оюлармен безендірілген. Ара-арасында бұтақ мүйізді еліктің басы көрінеді, ал дәл ортасына тұтас адам бейнесі ойып салынған. Тісі ақсиып, бет-аузы тыжырайған ерсі түрі кісінің күлкісін келтіреді. Төбесінде кішкене мүйізі бар, ұзын сақал, ешкі аяқ. Балалар оны обер-унтер-генерал-адмирал-сержант-Ешкіаяқ дейтін. Айтып шығудың өзі оңай емес. Ал мұндай атақты екінің бірі ала бермейді, есесіне бұл бейнені ойып салу оңайға түспеген. Бірақ, әйтеуір, ойып салған. Ешкіаяқтың екі көзі айна астындағы столды, ал оның үстінде форфордан жасалған әп-әдемі бақташы қыз тұр. Аяғында алтын жалатқан кебіс, сәл шолақтау көйлегіне ал қызыл раушан гүлін қадаған, басында алтын қалпақ, қолында бақташының құрығы. Үріп ауызға салғандай! Ал қасында көмірдей қап-қара пеш тазалаушы, бірақ ол да форфордан жасалған және барлық форфордан жасалған шағын мүсіндер секілді, ол да өзінше тап-таза, сүп-сүйкімді; алайда пеш тазалаушы деген аты болмаса, жасаған адам одан дәл осы күйінде ханзада жасауына да болатын еді. Пеш тазалаушының қолында баспалдағы бар; жүзі ақшыл, ал бетінің ұшы қыздардың беті секілді қызғылт, мұнысы, әрине, дұрыс емес, беті қара болуға тиіс еді. Өзі бақташы қыздың дәл қасында тұр екеуін әуелде солай қатар қойған болатын, сол күйінде бірге тұрып қала берді: тұрып, тұрып, ақыры үйленіп алды; екеуі де жас, екеуі де талдырмаш, екеуі де форфордан жасалған, қысқасы, бір-біріне тең еді. Олардың қастарында тағы бір қуыршақ тұрды, бойы бұлардан үш еседей үлкен. Ол үнемі басын изеп тұратын кәрі қытай еді. Ол да форфордан жасалған және өзін кішкентай бақташы қыздың атасымын деп атайтын, бірақ соны дәлелдеп шыға алмаған болуы керек. Ол «немересіне» билігім жүреді деп есептейтін, сол себепті бақташы қызға құда түскен обер-унтер-генерал-адмирал-сержант-Ешкіаяққа келісім білдіргендей басын изейді. — Мынау деген күйеуің болады енді! – деді қарт қытай бақташы қызға. Менің ойымша сол қызыл ағаштан жасалған! Ол сені обер-унтер-генерал-адмирал-сержанттың әйелі етіп шығарады! Оның құпия жәшіктерін былай қойғанда, тұтас бір кебеже күмісі бар! — Қараңғы кебеже ішіне менің барғым келмейді! – деді бақташы қыз. Оның он бір форфор әйелі бар көрінеді. — Ал сен он екінші әйелі боласың, – деді қытай. Түнде ескі кебеже сықырлаған кезде, біз сендердің тойларыңды жасаймыз. Жасамасам, қытай болмай кетейін! Ол соны айтып басын изеді де, дереу ұйықтап кетті. Бақташы қыз көзінің жасын төгіп, өзінің сүйікті серігі пеш тазалаушыға қарады. — Бар тілегім, – деді – қашайықшы басымыз ауған жаққа. Мұнда енді қалуға болмайды. — Сенің тілегің мен үшін заң! – деді пеш тазалаушы. – Керек десең қазір кетейік. Сені асырауға менің табысым жетеді! — Тек мынау столдан бір түссек екен! – деді қыз. Осы жерден қарамызды батырмайынша менің көңілім көншімейді. Пеш тазалаушы оған басу айтып, столдан қалай тусу керек екенін, қай жерге аяғын қалай салу қажет екенін түсіндірді. Оның баспалдағының да пайдасы аз болған жоқ; әйтеуір, аман-есен өздері жерге түсті. Бірақ жерге түсіп, ескі кебежеге көз жіберген кезде, олар жоғарыдан қым-қуыт абыр-сабырды көрді. Оюлап салынған еліктер бұтақ мүйізді бастарын өлгенше созып, жан-жақтарына қарайды, ал обер-унтер-генерал-адмирал-сержант-Ешкіаяқ көкке секіріп, кәрі қытайға: — Қашты! Қашты! – деп айқайлайды. Қашқындар қорқып кетіп, терезенің алдында, еденде тұрған кішкене сандықшаның ішіне зып берді. Сандықшаның ішінде толық емес үш-төрт ойын картасы және ойыншық театры бар екен; тар сандықшаның ішін, әйтеуір, тығыздап орналастырыпты, сахнада ойын көрсетіліп жатыр. Қиықтың, түйенің, шыбынның, шытырдың және қарғаның мәткелері қолдарындағы қызғалдақтарын желпіп қойып, ең алдыңғы қатарда отыр. Олардың артында балталар түрегеп тұр және дәл қартадағыдай үстінде біреу, астында біреу екі-екіден бастары бар. Пьеса айрылысуға мәжбүр болған екі ғашықтың қайғы-қасіреті туралы екен. Бақташы қыз өз бастарындағы оқиғаны көріп жылап жіберді. — Жоқ, мен мынаған шыдап тұра алмаймын! – деді ол пеш тазалаушыға. Кетейік бұл жерден. Олар еденге түскенде оянып алған кәрі қытай ішіндегі қорғасын шаригі шылдырлап, екі жаққа кезек-кезек ырғалып бұларға қарап тұр екен. — Ойбай, кәрі қытай қуып келе жатыр, – деп айқай салған бақташы қыз амалы құрып өзінің форфор тізесіне сылқ етіп құлай кетті. — Тоқта, маған бір ой келді! – деді пеш тазалаушы. Көрдің бе, анау бұрышта жұпар иісті шөптер мен гүлдер салынған үлкен құты тұр! Соған кіріп алайық! Гүлдердің қақ ортасында жатамыз, ал егер кәрі қытай келсе, көзіне тұз шашып жібереміз. — Жоқ, болмайды! – деді бақташы қыз. – Мен білемін оларды. Кәрі қытай бір кезде осы құтымен некеге отырған, ондай жағдайда олар бірін-бірі сатпайды! Жоқ, бізге дүниені кезіп, бас ауған жаққа қаңғып кеткеннен басқа ештеңе қалған жоқ. — Қандай қиындықта да менімен бірге болуға шыдамың жете ме? – деп сұрады пеш тазалаушы. – Әлемнің осынша кең екенін ескердің бе? Және осыдан кейін бізге қайтып оралуға болмайтынын ойладың ба? — Иә, иә, – деді бақташы қыз. Пеш тазалаушы қызға тесіле қарап тұрды да: — Менің жүрер жолым пештің құбырымен өтеді, – деді. Маған еріп құбырдың шым-шытырық қуыстарымен бірге өрмелеуге шыдамың жетер ме екен? Онда бір кірген соң, не істеу керегін жақсы білемін! Біз ешкімнің қолы жетпейтін жерге кіріп аламыз! Ең жоғарысында тесік бар, сол тесіктен сыртқа шығуға болады! Ол бақташы қызды пештің аузына алып келді. — Қандай қап-қара! – деді қыз, бірақ сонда да мұның соңынан еріп, пештің тастай қараңғы құбырының ішіне енді. — Мінеки, құбырдың ішіне де кірдік! – деді пешші. – Қарашы, қарашы! Дәл төбемізде бір жұлдыз жарқырап тұр! Шынында да, төбеден бұларға жол көрсетіп, бір жұлдыз жарқырап тұрды. Енді олар тек өрмелей берді, өрмелей берді. Барған сайын ілгері басу қиямет болды. Бірақ пешші бақташы қызды үнемі демеп, форфор аяқтарын қай жерге тіреп, қалай басу керек екенін көрсетіп отырды. Ақыры екеуі құбырдың ернеуіне шығып отырып дем алды өздері әбден қалжыраған және қалжырайтын да жөндері бар! Аспанда жапырлаған жұлдыздар, ал жерде жапырлаған үйлердің төбелері. Мынадай биіктен төңіректің бәрі шетсіз-шексіз кеңістікке айналды. Бейшара қыз әлем осындай шексіз болар деп ойламаған еді. Ол пешшінің иығына басын сүйеді де, жылап қоя берді; көзінен аққан жас кеудесіне құйылып, беліндегі алтын бояуды жуып кетті. — Жоқ, мынау шектен тыс! – деді ол. – Мен бұған шыдай алмаймын. Әлем өте үлкен. Шіркін-ай, айна астындағы столға қайтып барар ма еді! Қайтып бармайынша көңілім көншір емес! Мен сенің соңыңнан ергенде қайда апарасың дегем жоқ, енді сен мені шын сүйсең, бұрынғы орныма қайта апар! Пеш тазалаушы оны райынан қайтармақ болып, кәрі қытай мен обер-унтер-генерал-адмирал-сержант-Ешкіаяқты есіне салып еді, бірақ ол айтқанға көнбеді, тек еңіреген күйі сүйікті серігін құшақтап сүйе берді. Не істеу керек? Бекер болса да, көнуге тура келді. Олар енді құбырдың бойымен қайта түсті; бұл оңай болған жоқ! Қараңғы пештің ішіне келген кезде олар сыртта бөлме ішінде не болып жатқанын есту үшін, есіктің тұсына келіп, үнсіз тың тыңдады. Бөтен дыбыс болмаған соң, олар сыртқа шықты. Ах! Еденде кәрі қытайдың сынығы шашылып жатыр; бұлардың соңынан қуам деп, столдан құлап, үшке бөлініпті; арқасы омырылып бір жаққа, басы жұлынып екінші жаққа кеткен. Обер-унтер-генерал-адмирал-сержант-Ешкіаяк енді не істеу керек дегендей ойға батып, бұрынғыша өз орнында тұр. — Сұмдық-ай! – деп аһ ұрды бақташы қыз. Кәрі атай быт-шыт болып сынып қалыпты, біздің кінәміз ғой бәрі де! Ах, мен бұған шыдай алмаспын! Байғұс қыз кіп-кішкентай саусақтарын сындыра уқалап, жанын қоярға жер таппады. — Жөндеуге болады мұны! – деді пеш тазалаушы. – Қатырып жөндеуге болады! Тек уайымдамашы! Алдымен арқасын желімдеп, сосын қарақұсынан жамаумен жақсылап шегендеп тастағаннан кейін, қайтадан жап-жаңа болып шыға келеді, көрерсің, әлі талай қорлықты көрсетеді бізге! — Рас па? – деді бақташы қыз. Екеуі өрмелеп столға шығып, бұрынғы орындарына қайта тұрды. — Қалай жердің түбіне кеткенбіз! – деді пеш тазалаушы. Жан салып кіріссең болды екен ғой! — Тек атайды жөндеп берсе екен! – деді бақташы қыз. Әлде ол өте қымбатқа түсе ме? Ақыры атасы да жөнделді: сынған арқасын желімдеп, мойнын жамаумен жақсылап шегендеп тастап еді, жап-жаңа болып шыға келді, тек бұрынғыша басын изей алмайды. — Сіз өзіңіз сынғаннан бері тым көкке қарап менменсіп кеттіңіз ғой, – деді оған обер-унтер-генераладмирал-сержант-Ешкіаяқ. Менімше, бұл арада менменси қоятындай түк те жоқ! Ал енді маған бақташы қызды бере ме, жоқ па? Пеш тазалаушы мен бақташы қыз кәрі қытайға жалбарына қарады, өйткені ол басын изеп қоя ма деп қорықты, бірақ басын изей алмады және басын изей алмайтынын мойындағысы да келмеді, жұрттың бәріне желкемде жамауым бар еді деп жату кімге жақсы дейсің! Сөйтіп, қос жұбай бұрынғыша бірімен-бірі қатар тұрып қала берді. Атайдың желкесіндегі жамауға тоба қылып, бақташы қыз бен пеш тазалаушы қашан сынып қалғанға дейін, бірін-бірі сүйіп өтті.