Кішкене Иданың гүлдері
Авторы: Ханс Кристиан Андерсен
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Авторы: Ханс Кристиан Андерсен
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Ертеде патша мен патшайым өмір сүріпті. Олар бір перзентке зар екен. Күндіз-түні Құдайдан бала тілепті. Ақыры тілектері қабыл болып, нәрестелі болады. Қуанышы қойнына сыймаған патша: отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаймын!» деп жержаһанға жар салады. Тойға атақты жеті перизатты шақырады. Патша сарайында той енді бастала бергенде, кенет қатты жел тұрып, сарай іші алай-түлей болып кетеді де, түсі суық бір әйел сарайға кіріп келеді. Бұл қатыгез пері еді. Тойға жиналғандар оны танып, үрпиісіп қалады. Қатыгез пері: — Мені шақырмадыңдар. Әйтсе де кішкентай ханшайымға сыйлығымды берейін, — дейді. Патша оған ілтипат көрсетіп, төріне шақырады. Думан одан әрі жалғасады. Той соңында перизаттар нәрестеге дайындаған сыйлықтарын: бірі — асқан сұлулықты, екіншісі — нәзіктік пен мейі-рімділікті, үшіншісі — әсем жүрісті, төртіншісі — бишілікті, бесіншісі — барлық музыкалық аспаптарда шебер ойнау қабілетін, алтыншысы әсем дауысты тарту етеді. Кезек қатыгез сиқыршыға кел генде, ол бесіктегі нәрестеге жақындап: — Ханша бойжеткенде ұршықтың ұшына саусағын шаншып алып, мәңгі ұйқыға кетеді, — дейді де, көзден ғайып болады. Сарай іші абыр-сабыр күйге түседі. Сол сәт сыйлығын айтып үлгермеген жетінші перизат: — Жүз жылдан кейін бір ханзада келіп ханшаның бетін сүйеді, сол кезде ханша оянып, қарғыс күшін жояды, — дейді. Келесі күні патша уәзірлеріне сарайдың іші-сыртындағы ұршықты, инесі бар заттың бәрін жоюды бұйырады. Уақыт зымырап өтіп, ханша көркіне ақылы сай бойжеткен боп өседі. Бір күні ханша сарайды аралап жүріп, ең биік мұнараға көтеріледі. Мұнара ішінде бір әйел жіп иіріп отыр екен. Ондай затты бұрын көрмеген қыз: — Әжей, не істеп отырсыз? Бұл қандай зат? Көруге бола ма? — деп сұрайды. — Бұл — ұршық, келе ғой, қызым, көр, — дейді әйел кіммен сөйлесіп тұрғанын білмей. Ханша болса, әкесінің «Бөгде затты ұстама» деген ескертуін ұмытып, ұршықты ұстай бергені сол еді, абайсызда ұршықтың ұшы қыздың саусағына кіріп кетеді. Сол кезде күн күркіреп, алай-түлей жел тұрады. Қатыгез перінің айтқаны орындалып, ханша есінен танып, еденге құлап түседі. Артынан қуып келген қыздың күтушілері сұлқ жатқан ханшаны сарайға көтеріп әкеледі. Қайғыға батқан патша мен патшайым қыздарын әдемі төсегіне жатқызады. Ұйықтап жатқан ханшайым қандай сұлу десеңші! — Құдай жалғыз перзентіміздің қызығын көп көрдіау! — деп жыламсырады патшайым. — Сабыр ет, — деді патша, — біз шыдамды болуымыз керек. Жетінші перизаттың айтқаны рас болса, әлі-ақ қызымыз оянып, бәріміз бақытқа кенелеміз. Осылай деген патша нөкерлеріне ханшайымды күзетуді тапсырды. — Кімде-кім ханшайымның мазасын алатын болса, оған ауыр жаза қолданамын, — деді патша. Бұл қасіретті хабар жетінші перизатқа да жетеді. Ол патша сарайына ұшып келеді. «Жүз жылдан кейін ханша оянған кезде патшалық та оянсын» деген тілегін айтып, патша мен патшайымнан басқа бүкіл патшалықты ұйықтатып кетеді. Сарайда өлі тыныштық орнайды. Патша мен патшайым ұйықтап жатқан қыздарының аңдайынан сүйіп, онымен қоштасады да, олар да ұйқыға кетеді. Бірақ мұнымен уақыт тоқтап қалмады. Күн артынан күн, жыл артынан жыл зымырап өтіп жатады. Кезінде атағы жер жарған патшалық енді бірде-бір тірі жан жоқ, өлі қалаға айналады. Жұрт қарғыс атқан жерге жақын жүруге қорқады. Сарайдың іші-сыртын қалың ағаш басады. Ағаштың қалың өскені сондай, сарай көзге көрінбей ұмыт қалады. Оған барар жолды тікенектер қаптайды. Тікенектердің көптігінен адам да, аң да бұл маңайға жолай алмас еді. Тек алыстан сарайдың күмбезі ғана жылтылдап көрінетін. Осының бәрін істеген жетінші перизат болатын. Ол ханшайымның тыныштығын ешкім бұзбасын деп әдейі осылай жасады. Арада жүз жыл өтеді. Ұйқыдағы ару туралы аңыз жер-жерге тарайды. Ханша туралы әңгіме алыс патшалықта тұратын ханзаданың құлағына да жетеді. Ханзаданың қызықты оқи ғаларды, құпия қазыналарды іздеуге жаны құмар еді. Ол енді ұйықтап жатқан аруды іздеп таппақ болады. Қызметшілеріне жолға дайындалуға бұйрық береді. Қожайынм ен бірге ел кезіп, жер кезуден әбден шаршаған қызметшілер іштей күрсініп алады. Ханзада ұйқыдағы патшалықты ұзақ жылдар бойы іздейді. Қаншама ел-жұрттан сұрастырса да, ешкім ештеңе білмейтін болып шығады. Бірде ол жолдан бір шаруаны кездестіреді. Одан жөн сұрайды. Шаруа ханзадаға басын иіп: — Уа, қайырымды ханзада, осыдан жарты ғасыр бұрын осы жерге жақын маңайдағы сарайда әлемдегі ең сұлу ханшайым ұйықтап жатыр деп естігенмін. Мен ол кезде жас едім. Білетінім, ол қызды патшаның баласы ғана бетінен сүйіп оята алады екен, — дейді. Мұны естіген ханзаданың жүрегі дүрсілдеп қоя береді. «Ханшаны мен оятпағанда, кім оятады?» деп, ескі сарайдың күмбезі көрінген жаққа қарай шаба жөнеледі. Жүре-жүре ханзада қалың өсімдік өскен тауға кез болады. Жолындағы қалың ағаштар мен тікенектерді шауып келе жатып, сарайға кеп тіреледі. «Әлгі кісінің айтқан сарайы осы болар» деп ойлайды ханзада. Сол-ақ екен, тығыз өскен ағаштар мен тікенектердің арасы ашылып, ханзада жүре алатындай жол пайда болады. Қызметшілері артынан ергісі келіп ұмтыла бергенде, тікенектер қайта жабыла қояды. Ханзада жалғыз өзі сарайға қарай жүреді. Ішке кірсе, сарайдағы адамдардың барлығы тұрған жерлерінде қорылдап ұйықтап тұр екен. «Өмірде мұндай да болады екен-ау» деп ойлаған ханзада айналасына таңдана қарайды. Бөлмелерді аралап жүріп, әдемі төсекте ұйықтап жатқан ханшаны көреді. Ханзада оған көрген бойда ғашық болады. Жанына жақын дап барып, бетінен сүйеді. Сол сәтте қыз көзін ашады. — Рұқсатсыз сүйгенім үшін кешіріңіз, сұлулығыңызға тәнтімін, сондықтан болар өзімді ұстай алмадым, — дейді ханзада. — Сіз кімсіз? — дейді қыз күлімсіреп. Ханзада ұйқыдағы ханшайым туралы аңызды естіп, қызды сонау алыстан іздеп келгенін айтады. Осы кезде ханшаның төсегінің жанында ұйықтап жатқан патша мен патшайым және айналадағы адамдардың бәрі бірінен соң бірі ояна бастайды. Жан-жақтан әртүрлі дыбыстар шығып, патша сарайына жан бітеді. Ұйқыдан оянған қызметшілер ештеңе болмағандай өз міндеттеріне кірісіп кетеді. Бүкіл сарайға, күмбездің төбесіндегі жалаудан бастап шарап қоймасына дейін жан бітіп, айнала у-шу дыбысқа толып кетеді. Ал ханзада мен ханшайым бір-бірінен көз ала алмай қалыпты. Айналадағы шуды еститін емес. — Маған жасаған жақсылығыңызды қалай қайтарсам екен? — дейді ханшайым назданып. — Мәңгі жанымда болсаң, маған одан артық ештеңенің керегі жоқ, — дейді ханзада. Осы кезде екеуінің қасына патша келеді. Патша: — Қош келдің, ханзада! Осындай сымбатты жас жігітті жүз жыл бекер күтпеген екенбіз, — деп, ханзаданың қолын алып, одан қандай тілегі бар екенін сұрайды. Ханзада: — Маған байлықтың да, қазынаның да қажеті жоқ. Рұқсат етсеңіз, қызыңызға үйленсем деген ойым бар, — дейді. Ата-анаға бұдан артық қандай бақыт керек! Патша мен патшайым ұлан-асыр той жасайды. Тойға барлық жұрт жиналады. Бұдан былай ұршық иіруге тыйым салынбайды. Ханзада елді әділ басқарып, ханша екеуі бақытты ғұмыр кешеді.
👀 1 адам оқыды
Мамыр айы болатын. Ауа райы әлі де біршама салқын. Алайда, табиғат шіркін бұталар да, ағаштар да, дала да, көгалдар да көктемнің келгенін сездіріп-ақ тұр. Көгалдар гүлдерге толы. Гүлдер қолдан жасалған қоршау ішінде де жайнап кетіпті. Ал оның қасында нағыз көктемнің белгісі гүлге малынған кішкене алма ағашы көз тартады. Әсіресе оның жаңа өркен жайған, жас, қызғылт бүршігі енді қауыз жара бастаған бір бұтағы айрықша әдемі еді. Өзінің көріктілігін ол да білетін. Сұлулықты сезіну қасиеті оның түп-тамырына сіңген болатын. Бұтақ сол себептен де жолға кетіп бара жатқан күйме алма ағашының дәл қасына тоқтап, жас графиня бұдан көркем бұтақты табудың өзі киын екенін және толған айдай толысқан көктем сұлудың нақты бейнесі деп мадақтағанда түк таңғалған жоқ. Жұлып әперген бұтақты графиня өзінің нәзік саусақтарымен ақырын ұстап, жібек қолшатырмен күннен қорғап үйіне алып кетті. Қорғанға келген соң бұтақты еңселі, іші дүние-мүлікке толып тұрған бөлмелер арқылы алып жүрді. Ақ перделерді ашық терезеден соққан жел желпіп тұр. Жарқыраған мөлдір шыны ыдысқа алуан түсті тамаша гүл шоқтары қойылған. Жаңа жауған қардан жасалғандай әлгі ыдыстардың біріне алма ағашының бұтағын орналастырып, оның төңірегін айналдыра жаңа ғана жұлып әкелінген үйеңкі бұтақтары отырғызылған. Әдемі болғанда, сондай керемет! Бұтақ мұрнын шүйіре бастады. Онда тұрған не бар? Бұл өзі әбден әдеттенген, қалыптасқан нәрсе емес пе? Бұл бөлме арқылы мінез-құлықтары әрқилы көптеген адамдар өтеді. Әрбір келген кісі өз пікірлерін мән-маңызына қарай, өз түсінік-түйсігі мөлшерінде айтуына қақысы бар. Осы себептен де кейбіреулері тіпті ештеңе айтқан жоқ, ал екінші біреулер өте-мөте көп сөйлеген. Бұтақтың білуінше өсімдіктер арасындағы секілді, адамдар арасында да айырмашылық бар екен. «Біреулері әдемілік үшін қызмет істесе, екіншілері тек қарақан басының пайдасы үшін өмір сүреді екен, ал үшіншілерінің бар-жоқтығынан келіп кетер нәрсе шамалы»деп ойлады бұтақ. Оны ашық терезеге қарама-қарсы қойған еді. Ол осы жерден күллі бақ пен далаға көрініп тұратын. Сондықтан да ол сан алуан гүлдер мен өсімдіктерге құмарынан шыққанша қарауына да және олардың айырмашылықтары туралы ойлануына да болар еді. Онда бәрі де сәнді салтанаттысы да, қарапайымы да, тіпті өте-мөте қарапайымы да көп болатын. Бейшара өсімдіктер, – деді бұтақ. Шын мәнісінде, біздің арамыздағы айырмашылық қандай елеулі! Олардың мен және мен тәрізділер сияқты сезіну қабілеті болса, олар өздерін қандай бақытсыз деп білер еді! Иә, олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен! Бірақ солай болуға тиіс те, әйтпесе бәрі де тең болар еді ғой! Бұтақ қыр гүлдеріне біртүрлі күйінішпен қарады. Оған әсіресе күллі дала, тіпті оның ой-шұқырларына дейін қаптап өскен гүлдің бәрі аянышты көрінді. Олар онша көз тартпайтын, оны сол себепті гүл шоғына жинап жүрген де жан жоқ. Оларды тіпті жолға төселген тастардың ара жігінен де кезіктіресің. Қанша жұлып тастасаң да, ол жол тауып қылтия қалатын қайдағы бір арам шөп секілді. Оларға бақбақ деген жексұрындау ат та тауып қойылған. — Бейшара, қор болған өсімдік! – деді бұтақ. Гүлдің осындай түріне жатқандығына және атыңның соншалық сұмпайы болуына сен кінәлы емессің! Бірақ адамдар арасындағы сияқты, өсімдіктер арасында да, айырмашылық болуға тиіс! — Айырмашылық! – деп қайталады оның сөзін күн сәулесі және ол гүл жарған бұтақты сүйіп алды. Сондай-ақ ол қырда өскен сары бақбақ гүлін де сүйді. Оның күн сәулесінің өзге туыстары да, небір тамаша гүлдерге қоса осынау бейшара гүлдерді сүюді де ұмытқан емес. Алма ағашының бұтағы құдай тағаланың жер бетіндегі тірі жанның бәрін бірдей шексіз сүйетіндігі туралы ойланған жоқ-тын. Ол құдай тағала жаратқан тіршілік иесінің әрбірінде жасырын жатуы ықтимал, иә жасырын жатып көзге көрінбеуі кәдік, бірақ ұмытылмаған қаншама сұлулық пен ізгіліктің болуы оның ешқашан ойына келген емес. Мұндай ой оның үш ұйықтаса түсіне де кірмесе ше? Ашығын айтқанда, мұның бәрі үйреншікті іс болатын! Күн сәулесі, жарық сәуле, істің мән-жайын әлдеқайда жақсы білетін. — Сен өзің көз алдыңдағыны көрмейтін соқыр екенсің! – деді ол бұтаққа. Сен өзің қандай бейбақ өсімдікті аяп жүрсің? — Сайтан алғыр бақбақты! – деді бұтақ. Олардан ешқашан гүл шоғын жасамайды, кісілер кездескен жерінде аяғымен таптап кетеді, өйткені ондай гүлдер өте көп! Оның тұқымдары, бейне қарлығаштың қауырсыны секілді жол үстінде ұшып-қонып әрі-бері өткен адамдардың да киімдеріне жабысады. Бар болғаны арам шөп! Бірақ та, әйтеуір, біреуге арам шөп те болу керек қой! Ах, солардың қатарында болмағаным үшін тағдырыма дән ризамын! Бірде қырға бір топ бала сейілге шықты. Ең кішкентайын арқалап әкеліп, сары гүлдер өскен шөптің үстіне отырғызды. Бөбек көңілдене күліп, тентектік жасап, шөпті аяғымен таптады, аунап, сары гүлдерді үзді, балалық жанының қарапайымдылығынан тіпті оларды сүйіп те алды. Ересек балалар гүлдерді терді, іші қуыс сабақтарды иіп, бір-біріне кигізіп, дөңгелектеді, осындай дөңгелектерді тізбектеп оны мойындарына, иықтарына, белдеріне, кеуделері мен бастарына орады. Бұл бір керемет болды! Мүлде ересек балалар гүлі қураған қауырсынды тәжге ұқсап тұрған өсімдіктерді жайлап жұлып ала бастады. Табиғаттың таңғажайыбының бірі ауадай жеп-жеңіл жібек гүлдерді олар еріндеріне тақап тұрып түбітін бірден желге ұшырып жіберуге тырысатын. Осылай жасау кімнің қолынан келсе, ол Жаңа жылға дейін жаңа көйлек киетін болады. Әжей осылай деген. Бұл жағдайда сүйкімсіз гүл шын мәніндегі пайғамбар болып шықты. — Көрдің бе? – деп сұрады күн сәулесі. Оның көркемдігін көремісің, оның ұлы маңызын білемісің? — Иә, бірақ ол балаларға ғана қатысты! – деп жауап қайырды бұтақ. Қырға шыққан кәрі кемпір де сынған бәкінің ұшымен сары гүлдердің тамырын қазып ала бастады. Бұл тамырлардың кейбірін ол кофеге пайдаланбақшы да, қалғандарын дәріханаға өткізбекші. — Бәрібір әдемілік бәрінен де биік! – деді бұтақ. Әдемілік әлеміне ену тек таңдаулылардың ғана пешенесіне жазылған! Адамдар сияқты, өсімдіктер арасында да айырмашылық бар екені рас қой! Күн сәулесі жерде жаратылғанның бәріне бірдей құдайдың рахым-сүйіспеншілігі шексіз екендігі туралы әңгімеледі: жан бітіп, жарық дүниеге келгендердің бәрінін де өткінші уақытта да, мәңгілік өмірде де өзінше тиісті үлесі бар! — Жо-жоқ, бұлай деп ойлайтын тек сіз ғана! – деді бұтақ. Бөлмеге сырттан кісілер кірді. Олардың арасында жас графиня да бар еді. Ол бұтақты күн сәулесін өткізіп тұрған мөлдір, әдемі ыдысқа әкеліп қойды. Графиняның қолында гүлі бар. Бұл не тағы? Алақандай жасыл жапырақтарға ораған. Жапырақ арасында жатқан гүлдер бейне қорапқа салып қойғандай, ол үп еткен желден де қорғаулы болатын. Графиня оны сондай сақтықпен әкеле жатыр. Ол алма ағашының нәзік бұтағын да бұлай құнттап ұстамаған еді. Ептеп қана жасыл жапырақтарды жан-жаққа кері қайырған мезгілде, олардың арасынан сұмпайы сары гүлдің ұлпа тәжі көрінді. Оның түбіт тәжінен қылдай нәзік қауырсынның бірде-бір талын жел ұшырып әкетпес үшін де графиня оны зор сақтықпен жұлып алып, құнттап әкелген-ді. Графиня оны аман-сау, қаз қалпында алып келді және осынау бар көрік-ажары желдің бір үп еткенінен қалмайтын ғажап гүлдің әдемілігіне, нәзіктігіне, өзіндік жаратылысына таңданумен болды. Құдай тағаланың жасаған кереметіне қарасаңыздаршы! – деді графиня. – Мен алма ағашының бұтағымен қосып, оның да суретін саламын. Оны жұрттың бәрі тамашалайды, Жаратқанның рахымы түскен осынау бейшара гүл де әдеміліктен кенде емес. Екеуі екі түрлі гүл болғанымен, екеуі де бәрібір әдемілік әлемінің перзенттері ғой! Күн сәулесі әуелі осы бейшара гүлді, сосын гүл жарған бұтақты сүйді. Сол кезде оның бұтақтары аздап қызара түскен сияқтанды.
👀 1 адам оқыды
Бір адам үш ұлын қасына шақырып алып: — Мен қартайдым, - депті, — дәм-тұзым таусылар мезгіл жеткен сияқты, сендердің қамдарыңды ойлайтындай уақыт туды. Менің сендерге қалдырар ақшам жоқ, қазір үшеуіңнің қолдарыңа ұстатқалы отырғаным да арзан қолды дүниелер. Жолға шығуға қамданыңдар, менің сендерге бермек болып отырған заттарымды көзі көріп, құлағы естімеген елді табуға аттаныңдар. Алда-жалда ондай тапсаңдар, үшеуің де бақытты боласыңдар, мұратқа жетесіңдер. Осыны айтып, ол бір ұлына әтеш, екінші ұлына шалғы, үшінші ұлына мысық береді. Әкесі қатыс болғаннан кейін, бір үлкен ұлы әтешін қолтығына қысып алып жолға шығады. Бірақ қаншама ел кезіп, қай шаһарға, қай ауылға барса да әтешіне ешкім қызықпайды. Қай шаһарға болсын, тақай бергенде –ақ мұнарада мен мұндалап жел айналдырып тұрған «әтешті» көзі шалады. Ал шаһарға қарағанда ауыл – аймақта әтеш тіпті көп екен. Қора сайын сырықтарға қонақтап алып «кукәреку» деп отырған әтештер. Сірә, мына әтеш мені мұратқа жеткізбейді деп ойлай бастайды жігіт. Ақыры бір аралға тап болады. Арал жұрты туасы әтеш көрмеген, сондықтан қай уақыт болғанын ажырата алмайды екен. Олар тек таңның атқанын, күннің батқанын ғана білетін болса керек, ал біреу-міреу түн ортасында ояна қалса, қай уақыт екенін білмейтін болыпты. Қараңдар, халайық,— дейді жігіт, әтешін көрсетіп, қандай тамаша құс десеңдерші. Басында жалт-жұлт еткен қызыл тәжі бар,аяғында серілерше өкше темір байлаған. Бір түнде үш рет шақырып, қай уақыт болғанын білдіреді, соңғы шақырғаны — таң атып қалды дегені. Алда-жалда әтеш күндіз шақырса, ол —ауа-райы бұзылады дегені. Жұртқа әтеш қатты ұнайды. Түні бойы көз ілмей, әтештің сағат екіде, төртте, сонсоң сағат алтыда шақырғанын мәз-мейрам болып қызықтап отырып, таң атырады. Ертеңінде жігіттен: «Әтешіңді сатпайсың ба, ақысына не аласың?»—деп сұрайды. Несі бар,— дейді жігіт,— егер бір есекке , жүк болатындай алтын берсеңдер, сірә, әтешімді сатуым да мүмкін. Ау, мұның тегін бергенмен бірдей ғой,—деп, арал тұрғындары шу ете түседі және қолма-қол сұраған алтынын алдына салады. Ағасы үйге қайтып оралғанда, бауырлары мынадай олжасына таң-тамаша қалады. Ортаншы жігіт: Енді шалғымды қолыма ұстап, бағыт іздеу үшін мен де жолға шығамын,— дейді. Ол да жүріп кетеді. Бірақ қайда барса да, иықтарында өзінің шалғысындай шалғы салған шаруаларға жолығады. Әбден үміті үзілетіндей халге жетеді. Ақыры, өлдім-талдым дегенде, ол да бір аралға тап болады, арал жұрты бұрын-соңды шалғы көрмеген екен. Бидай піскен кезде зеңбірекпен атқылайды екен. Бірақ бұл оңайға түспейтін жұмыс болса керек. Біреудің атқаны бидайдың басынан асып кетіп жатса, екінші біреудің атқаны бидайдың сабағына тимей, маса ғана тиіп, астық рәсуә болып, шашылып қалады екен. Оның үстіне тарсыл-гүрсілден құлақ тұнатын көрінеді. Ортаншы жігіт егіс даласына бара салып бидайды шалғымен ора бастайды. Қимылына көз ілеспей, бидайды лезде орып бітіреді. Арал тұрғындары бірталайға дейін ауыздарын ашып не дерін білмей мелшиіп қалады. Сонсоң барып: «Мынау керемет құралыңды бізге сат», деп, жігітке жалынып-жалбарына бастайды. — Алда-жалда маған бір атқа жүк боларлықтай алтын берсеңдер,— дейді жігіт,— бұлдан бастан-ақ шалғымды бере салуым да мүмкін. Сұраған алтынын алып жігіт кері қайтады. Ортаншы аға көп алтынмен қайтып оралған соң, кенжесі де шыдап отыра алмайды. Ол да бақытын сынау үшін, мысығын бұлдап өткізетін жер іздеп тапқалы жолға шығуға белін бекем буады. Ағалары басынан кешіргенді бұ да басынан өткізеді. Жігіт мысығын апармаған жері жоқ, бірақ ешкім мысығына пысқырып та қарамайды. Болған жерлерінде мысық көп болғандықтан, мысықтың жаңа туған балаларын өзенге лақтырып жібереді екен. Ақырында жігіт кемеге мініп, теңізде жүзіп кетеді. Арада бірнеше күн өткенде бір аралға келіп шығады, ақыры сол аралда жолы болады. Арал тұрғындары бұрын-соңды мысықты көрмесе керек. Мұнда тышқан дегеннің көптігі сонша — тал түсте өріп, орындықтан үстелге, үстелден орындыққа секіріп жүреді екен. Жұрт тышқаннан қалай құтылудың амалын білмей, дағдарса керек. Тіпті олардан корольдің өзі де тыным көрмепті. Мұны көрген жігіт біраз тышқан ауласын деп, мысығын жерге түсіріп жібереді. Мысық лезде король сарайының екі үлкен бөлмесі тышқаннан тазартып шығады. Сол-ақ екен арал тұрғындары: «Мына ғажап хайуанатты сатып алыңыз,— деп, корольға жалынып-жалбарына бастайды. Король жұрт тілегін құп алып, жігіттен: «Мысығыңды сатпайсың ба, құны не тұрады?!»—деп сұрайды. — Несі бар,— дейді кенже жігіт.— Алда-жалда үстіне алтын артқан бір өгіз берсеңдер сірә, айтқандарыңа көніп қалуым мүмкін. Король сұраған алтынын береді, мол олжамен жігіт үйіне бет алады. Мысық корольдың сарайындағы тышқандарға қырғидай тиіп, қызыл өңештен ары асыра береді. Ақырында, күпті болып, жүрегі айнып су іздей бастайды. Көкке қарап: «Мәу-мәу мәу!»—деп мияулайды. Король және оның нөкерлері бұрын-соңды естімеген жат дауыстан шошып, бәрі сарайдан қашып шығады. Сонсоң король өзінің уәзірлерін шақырып мысықтан құтылудың жолын іздей бастайды. Ұзақ ақылдасқан соң мысыққа елші жіберіп,өз бетіңмен сарайдан шық, әйтпесе күштеп шығарамыз деп ескертуді ұйғарады. Мына құбыжық аң қашан борша-боршамызды шығарады деп күнде қорыққанша, үйреніскен жау — тышқандардан-ақ жапа шеге берейік, дейді жұрт корольға. Елші мысыққа келіп: — Ау, мысық, есен-сауыңда сарайдан кетемісің, жоқ па?—дейді. Әбден таңдайы кеуіп тұрған мысық жөн жауап қайтарудың орнына «мәу-мәу-мәу!» деп, бұрынғыдан да қаттырақ мияулайды. Бұл «мияу» елшіге «жоқ, жоқ, жоқ!» дегендей естілсе керек. Корольға қайтып келіп, мысықтың жауабын жеткізеді. — Онда,— дейді корольдың уәзірлері, біз оны айтқанымызға күштеп көндіреміз. Сол-ақ екен бірнеше зеңбіректі сүйреп әкеп, сарайды көздеп, атқылай бастайды. Отырған бөлмесіне бірінші доп келіп түскенде-ақ, мысық терезеден секіріп, тайып тұрады. Бірақ король мен уәзірлері мысықтың қашып кеткенін білмей, атқылай береді. Ақыры король сарайының сау-тамтығы қалмай, жермен-жексен болыпты.