🌙 Gajaiypalem
Халық ертегілеріҚожанасыр2–6 жас · 1 мин оқу👀 0 адам оқыды

Игі ниет

Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз

Көшеден күміс ақша толы әмиян тауып алған Қожанасыр қазыға апарып тапсырмақшы болады. Қазы үйіне түстенуге асығып барады екен, бұны жүре тыңдайды. — Тоқтат! — деп айқайлайды ол, — сұрамсақтар-ақ мазамды алып болды. Жоғал! Қазының қызметшілері Әпендіні таяқпен қуады. Бірнеше күн өткен соң, қазы Әпендіні есіне алып, шақыртып алады. — Не жұмыспен келіп едің? — деп сұрайды. — Қазы мырза, мен саған келе жатқанда, тұла бойым толған ізгі ниет еді, бірақ сенің әумесер қызметшілерің одан түк қалдырған жоқ, мен мына әмиян секілді боспын, — дейді Әпенді. Ол бірнеше күн ішінде көк тиыны қалмаған бос әмиянын қазыға көрсетіпті.