Ескі үй
Авторы: Ханс Кристиан Андерсен
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Авторы: Ханс Кристиан Андерсен
Балаңыз ертегіні өзі оқитын болса, әріп өлшемін реттеңіз
Ертеде патша мен патшайым өмір сүріпті. Олар бір перзентке зар екен. Күндіз-түні Құдайдан бала тілепті. Ақыры тілектері қабыл болып, нәрестелі болады. Қуанышы қойнына сыймаған патша: отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаймын!» деп жержаһанға жар салады. Тойға атақты жеті перизатты шақырады. Патша сарайында той енді бастала бергенде, кенет қатты жел тұрып, сарай іші алай-түлей болып кетеді де, түсі суық бір әйел сарайға кіріп келеді. Бұл қатыгез пері еді. Тойға жиналғандар оны танып, үрпиісіп қалады. Қатыгез пері: — Мені шақырмадыңдар. Әйтсе де кішкентай ханшайымға сыйлығымды берейін, — дейді. Патша оған ілтипат көрсетіп, төріне шақырады. Думан одан әрі жалғасады. Той соңында перизаттар нәрестеге дайындаған сыйлықтарын: бірі — асқан сұлулықты, екіншісі — нәзіктік пен мейі-рімділікті, үшіншісі — әсем жүрісті, төртіншісі — бишілікті, бесіншісі — барлық музыкалық аспаптарда шебер ойнау қабілетін, алтыншысы әсем дауысты тарту етеді. Кезек қатыгез сиқыршыға кел генде, ол бесіктегі нәрестеге жақындап: — Ханша бойжеткенде ұршықтың ұшына саусағын шаншып алып, мәңгі ұйқыға кетеді, — дейді де, көзден ғайып болады. Сарай іші абыр-сабыр күйге түседі. Сол сәт сыйлығын айтып үлгермеген жетінші перизат: — Жүз жылдан кейін бір ханзада келіп ханшаның бетін сүйеді, сол кезде ханша оянып, қарғыс күшін жояды, — дейді. Келесі күні патша уәзірлеріне сарайдың іші-сыртындағы ұршықты, инесі бар заттың бәрін жоюды бұйырады. Уақыт зымырап өтіп, ханша көркіне ақылы сай бойжеткен боп өседі. Бір күні ханша сарайды аралап жүріп, ең биік мұнараға көтеріледі. Мұнара ішінде бір әйел жіп иіріп отыр екен. Ондай затты бұрын көрмеген қыз: — Әжей, не істеп отырсыз? Бұл қандай зат? Көруге бола ма? — деп сұрайды. — Бұл — ұршық, келе ғой, қызым, көр, — дейді әйел кіммен сөйлесіп тұрғанын білмей. Ханша болса, әкесінің «Бөгде затты ұстама» деген ескертуін ұмытып, ұршықты ұстай бергені сол еді, абайсызда ұршықтың ұшы қыздың саусағына кіріп кетеді. Сол кезде күн күркіреп, алай-түлей жел тұрады. Қатыгез перінің айтқаны орындалып, ханша есінен танып, еденге құлап түседі. Артынан қуып келген қыздың күтушілері сұлқ жатқан ханшаны сарайға көтеріп әкеледі. Қайғыға батқан патша мен патшайым қыздарын әдемі төсегіне жатқызады. Ұйықтап жатқан ханшайым қандай сұлу десеңші! — Құдай жалғыз перзентіміздің қызығын көп көрдіау! — деп жыламсырады патшайым. — Сабыр ет, — деді патша, — біз шыдамды болуымыз керек. Жетінші перизаттың айтқаны рас болса, әлі-ақ қызымыз оянып, бәріміз бақытқа кенелеміз. Осылай деген патша нөкерлеріне ханшайымды күзетуді тапсырды. — Кімде-кім ханшайымның мазасын алатын болса, оған ауыр жаза қолданамын, — деді патша. Бұл қасіретті хабар жетінші перизатқа да жетеді. Ол патша сарайына ұшып келеді. «Жүз жылдан кейін ханша оянған кезде патшалық та оянсын» деген тілегін айтып, патша мен патшайымнан басқа бүкіл патшалықты ұйықтатып кетеді. Сарайда өлі тыныштық орнайды. Патша мен патшайым ұйықтап жатқан қыздарының аңдайынан сүйіп, онымен қоштасады да, олар да ұйқыға кетеді. Бірақ мұнымен уақыт тоқтап қалмады. Күн артынан күн, жыл артынан жыл зымырап өтіп жатады. Кезінде атағы жер жарған патшалық енді бірде-бір тірі жан жоқ, өлі қалаға айналады. Жұрт қарғыс атқан жерге жақын жүруге қорқады. Сарайдың іші-сыртын қалың ағаш басады. Ағаштың қалың өскені сондай, сарай көзге көрінбей ұмыт қалады. Оған барар жолды тікенектер қаптайды. Тікенектердің көптігінен адам да, аң да бұл маңайға жолай алмас еді. Тек алыстан сарайдың күмбезі ғана жылтылдап көрінетін. Осының бәрін істеген жетінші перизат болатын. Ол ханшайымның тыныштығын ешкім бұзбасын деп әдейі осылай жасады. Арада жүз жыл өтеді. Ұйқыдағы ару туралы аңыз жер-жерге тарайды. Ханша туралы әңгіме алыс патшалықта тұратын ханзаданың құлағына да жетеді. Ханзаданың қызықты оқи ғаларды, құпия қазыналарды іздеуге жаны құмар еді. Ол енді ұйықтап жатқан аруды іздеп таппақ болады. Қызметшілеріне жолға дайындалуға бұйрық береді. Қожайынм ен бірге ел кезіп, жер кезуден әбден шаршаған қызметшілер іштей күрсініп алады. Ханзада ұйқыдағы патшалықты ұзақ жылдар бойы іздейді. Қаншама ел-жұрттан сұрастырса да, ешкім ештеңе білмейтін болып шығады. Бірде ол жолдан бір шаруаны кездестіреді. Одан жөн сұрайды. Шаруа ханзадаға басын иіп: — Уа, қайырымды ханзада, осыдан жарты ғасыр бұрын осы жерге жақын маңайдағы сарайда әлемдегі ең сұлу ханшайым ұйықтап жатыр деп естігенмін. Мен ол кезде жас едім. Білетінім, ол қызды патшаның баласы ғана бетінен сүйіп оята алады екен, — дейді. Мұны естіген ханзаданың жүрегі дүрсілдеп қоя береді. «Ханшаны мен оятпағанда, кім оятады?» деп, ескі сарайдың күмбезі көрінген жаққа қарай шаба жөнеледі. Жүре-жүре ханзада қалың өсімдік өскен тауға кез болады. Жолындағы қалың ағаштар мен тікенектерді шауып келе жатып, сарайға кеп тіреледі. «Әлгі кісінің айтқан сарайы осы болар» деп ойлайды ханзада. Сол-ақ екен, тығыз өскен ағаштар мен тікенектердің арасы ашылып, ханзада жүре алатындай жол пайда болады. Қызметшілері артынан ергісі келіп ұмтыла бергенде, тікенектер қайта жабыла қояды. Ханзада жалғыз өзі сарайға қарай жүреді. Ішке кірсе, сарайдағы адамдардың барлығы тұрған жерлерінде қорылдап ұйықтап тұр екен. «Өмірде мұндай да болады екен-ау» деп ойлаған ханзада айналасына таңдана қарайды. Бөлмелерді аралап жүріп, әдемі төсекте ұйықтап жатқан ханшаны көреді. Ханзада оған көрген бойда ғашық болады. Жанына жақын дап барып, бетінен сүйеді. Сол сәтте қыз көзін ашады. — Рұқсатсыз сүйгенім үшін кешіріңіз, сұлулығыңызға тәнтімін, сондықтан болар өзімді ұстай алмадым, — дейді ханзада. — Сіз кімсіз? — дейді қыз күлімсіреп. Ханзада ұйқыдағы ханшайым туралы аңызды естіп, қызды сонау алыстан іздеп келгенін айтады. Осы кезде ханшаның төсегінің жанында ұйықтап жатқан патша мен патшайым және айналадағы адамдардың бәрі бірінен соң бірі ояна бастайды. Жан-жақтан әртүрлі дыбыстар шығып, патша сарайына жан бітеді. Ұйқыдан оянған қызметшілер ештеңе болмағандай өз міндеттеріне кірісіп кетеді. Бүкіл сарайға, күмбездің төбесіндегі жалаудан бастап шарап қоймасына дейін жан бітіп, айнала у-шу дыбысқа толып кетеді. Ал ханзада мен ханшайым бір-бірінен көз ала алмай қалыпты. Айналадағы шуды еститін емес. — Маған жасаған жақсылығыңызды қалай қайтарсам екен? — дейді ханшайым назданып. — Мәңгі жанымда болсаң, маған одан артық ештеңенің керегі жоқ, — дейді ханзада. Осы кезде екеуінің қасына патша келеді. Патша: — Қош келдің, ханзада! Осындай сымбатты жас жігітті жүз жыл бекер күтпеген екенбіз, — деп, ханзаданың қолын алып, одан қандай тілегі бар екенін сұрайды. Ханзада: — Маған байлықтың да, қазынаның да қажеті жоқ. Рұқсат етсеңіз, қызыңызға үйленсем деген ойым бар, — дейді. Ата-анаға бұдан артық қандай бақыт керек! Патша мен патшайым ұлан-асыр той жасайды. Тойға барлық жұрт жиналады. Бұдан былай ұршық иіруге тыйым салынбайды. Ханзада елді әділ басқарып, ханша екеуі бақытты ғұмыр кешеді.
👀 1 адам оқыды
Қыстың үскірік желі соғып тұрған, ал үйшіктің іші әрі жылы, әрі жайлы еді. Онда гүл тығылып жатты. Ол өзінің үйшігі баданасының ішіне жасырынып қар басқан жер астында жатқан-ды. Бірде жаңбыр жауды. Тамшылар қардың қыртысын тесіп өтіп, гүлдің баданасын ұрғылай бастады. Олар жер бетіндегі жарық дүние жайында жыр қып айтты. Өзі нәзік, әрі өжет күн сәулесі олардың ізімен іле-шала қардан өтіп келіп бадананы жылыта бастады. — Бұл кім? Кіре бер! – деді гүл. — Кіре алмаймын! – деді күн сәулесі. Есікті ашуға әлі әлім жетпейді. Жазға дейін шыдай тұр, сол кезде күшейем. — Ал жаз қашан болады? – деді гүл, ол мұны күн сәулесі жер астына жеткен сайын қайталап сұраумен болды. Бірақ жазға дейін әлі ұзақ болатын, төңіректі түгел қар басып, әр түн сайын су қатып мұзға айналатын. — Әбден қажытты-ау! – деді гүл. Бүкіл тұла бойым сыздап барады! Мен керіліп-созылып, бойымды жазып, еркіндікке шығуым керек; жазға басымды иіп, оған қайырлы таң тілеуге тиіспін. Ox, шіркін, өйту қандай бақыт! Гүл орнынан тұрып, жердің жылуынан, еріген су мен күн нұрынан әбден жібіп тұрған қабығын жарып өтіп бойын жазды. Жіңішке жапырақшалармен тығыз көмкерілген көкшіл бүрді көтерген жіңішке сабақ өрге ұмтылып, қардың астынан бір-ақ шықты. Қар сұп-суық екен, бірақ жарық түсіп тұр, оны тесіп өту онша қиын болмады, ал күннің сәулесі жақын болғанда да соншалық жақында екен, тіпті бұрын тап мұндайлық жақындамаған. Олар қоңыраулатып, әндете жөнелді: — Хош келдің! Хош келдің! Гүлқардан шығып, жарық күннің әлеміне қарай ұмтылды. Күн нұры оны соншалықты нәзіктікпен аймалап сүйіп еді, гүл бүр жарып қоя берді. Ашылған гүл аппақ қарға ұқсап, көкшіл жолақтарымен түрлене әрі қуанып, әрі ұяла басын төмен салды. Оны көріп, күн сәулесі әндете жөнелді: — Қандай ғажап гүл! Неткен нәзіксің, тазасың! Сен біріншісің, жалғызсың! Біздің сүйіктімізсің! Сен ауыл мен қалаға жаздың, жаз болғанда да жылы жаздың хабарын жеткізесің. Қар біткен еріп кетеді, суық жел жоғалады! Біздің дәуреніміз келеді! Барлығы көктейді. Сенің де сан алуан достарың табылады: сирень, шілік, кейінірек райхан, ал бірақ сен біздің біріншімізсің, сондай нәзіксің, соншалық мөлдірсің. Гүлді керемет қуаныш кернеді, оған бүкіл ауа әндетіп, сабағымен барлық жапырақтары нұр шуаққа шомылып жатқан тәрізденді; көзге нәзік, талдырмаш көрінгенімен, гүл өзінің балғын әдемілігінің аркасында бір түрлі күшті секілденді. Ақшыл көркімен көз тартқан гүл жазды барынша мадақтады. Алайда жазға дейін әлі алыс еді, күн көзін бұлт бүркеп, өнменнен өтердей ызғар соқты. — Сен ертерек келдің! – десті Жауын-шашын мен Жел. Біз саған өз күшімізді әлі көрсетеміз! Бізді дұрыстап танитын боласың! Әдемілігіңді көрсетіп көлеңдемей-ақ үйіңде отыра тұрсаң қайтетін еді. Әлі сенің уақытың келе қойған жоқ. Суық қайтадан түсті. Күн көзі көрінбейтін өңкей бір сүреңсіз күндер өтіп жатты. Әлсіз, титімдей гүлдің түгі қалмай қатып қалатындай-ақ боп ауа райы қатты бұзылды. Әйткенмен гүл өзін мұндай күштімін деп ойламайтын: жарқын мінезділікпен түбінде бәрібір жаз келеді деген сенім оған күш қосты. Ол жазға деген сенімін берік сақтады, ал оның жазды күткенін күн нұры да қостады. Қар жапалақтап қатты жауса да мұздай ызғар соқса да, басын сәл иіп қана, ақ гүл ақ қарда сол бойы махаббатқа, сенім мен үмітке бөленген күйі тұра берді. — Сен сынасың, – деді олар. Үсисің, қурайсың! Сен бұл жерден не іздедің? Күн сәулесіне неге сендің? Ол сені алдады. Тарт енді сазайыңды, ақымақ. Қарай көр жаздың хабаршысын! Таңертең аяз қысқанда: — Ақымақ! – деді гүл де өзі қайталап. — Жаздың хабаршысын қараңдар! – деп қуанды баққа жүгіре шыққан балалар. Қараңдаршы, қандай ғажап, қандай әдемі, ең бірінші ғой, жалғыз өзі. Ол сөздер гүлге күн нұрының жылуындай жайлы әсер етті. Қуанғанынан, тіпті өзін жұлып алғанын да байқамай қалды. Оны баланың алақаны аймалап, баланың ерні сүйіп жатты, оны жылы бөлмеге әкелді, оған бір мейірімді көздер қадалды, апарып суға салды, судың сергітіп, жандандырып жібергені соншалық гүл бейне кенет жаз келгендей әсерленді. Үй иесінің жақында ғана діни оқуды бітірген қызы бар-ды, ал оның бір шеберге көмекші болып істейтін таныс жігіті бар болатын, ол да жақында сондай оқу бітірген-тін. Соның басын айналдырайыншы! – деді қыз, сөйтті де нәзік гүлді алып гүл жайында өлең жазылған жұмсақ қағаздың ішіне салды. Әлгі өлеңнің алғашқы жолы былай басталатын: Бәйшешек айтты күбірлеп: «Тағы да жаз келді деп». Өлеңнің соңы да сол сөздермен аяқталатын, ал оның астында қосымша жазылған мынадай сөздер бар-ды: «Ал мен саған айтамын, Махаббат бізге келді деп!» Сұлу бикеш те жылылық пен күн шуаққа бөлеймін деп уәде берді. Соны айтып өлеңмен хат жазды да, оны гүлмен бірге поштаға салып жіберді. Айналасының бәрі қараңғы болып кеткесін, гүл қайтадан баданамның ішіне кіріп кеткен екем деп қалды. Сөйтіп бәйшешек жолға шықты: ол пошта қапшығының ішінде болды, оны жан-жағынан қысып, басып, мазасын кетірді, сүйсінетіндей ештеңе көрмеді. Әйткенмен әр нәрсенің аяғы болады емес пе. Жолаушылық та бітті-ау. Жас жігіт хатты ашып оқыған соң, қуанғанынан гүлді сүйіп-сүйіп алды; сонан соң оны өлеңмен қосып, қобдидың ішіне салып қойды, оның іші толы әдемі хаттар екен, тек бәрінің де гүлі жоқ, күн сәулелері айтпақшы, мұнда да ең бірінші және бірден-бір гүл өзі болып шықты, соны ойлаудың өзі сұмдық рақат еді оған. Өзі жайында қанша ойлаймын десе де еркі еді, бүкіл жаз бойы, ұзақ қыс бойы ойлады, содан қайтадан жаз келген кезде, гүл жігіттің көзіне түсіп қалды. Бұл жолы жас жігіт гүлді көріп титтей де қуанбады: хатты жұлып ап, лақтырып кеп жібергенде, гүл сусып еденге түсті. Рас, гүл әбден кеуіп, қабыса қатып қалған болатын, бірақ соған бола оны лақтырып тастау керек деген ұғым тумайды ғой. Дегенмен, хат пен өлең жанып жатқан оттың ішінен гөрі еденде жату әлдеқайда артық-тын. Мұның өзі қалай болды? Әй, мұндай-мұндай болып тұрады ғой! Жаз келе жатқандығын ерте көктемде хабарлап, бәйшешек алдамшы болған, бірақ онысы еш зілі жоқ әзіл-ді. Махаббат жайында хабар беріп алып қыз да артынан алдамшы болып шықты, ол, әрине, өте зілді әзіл. Ал нағыз жаздың өзі келген шақта қыздың көңілі басқа жігітке ауып кетіпті. Таңертең күн нұры еденге салып қойған сурет құсап жатқан кішкентай бәйшешекке түсті. Еден жуып жүрген қызметші әйел гүлді алып бір кітаптың арасына сала салды, жаңа шаң сүртіп жүргенімде, сол кітаптардың арасынан түсіп қалған болар деп ойлады. Гүл тағы да өлеңдердің ортасында қалды, бұл жолы өлеңдер тасқа басылған болатын, ал ондай өлеңдер қолмен жазылғанға қарағанда беделділеу ғой, тіпті болмаған күнде қымбатырақ қой. Жылдар өтіп жатты. Кітап сөреде тұра берді; күндерде бір күн оны әлдекім қолына алды, ашып оқыды. Бұл бір жақсы кітап еді: дат ақыны Амброзиус Стубанын өлеңдері мен әндері болатын, оқуға тұратын-ақ дүниелер-тін. Кітапты оқып отырған кісі келесі бетін ашты. Ах, – деп қалды еріксізден еріксіз, мұнда бәйшешек жатыр ғой, бірінші боп көктейтін албырт гүл ғой бұл! Меніңше, оны мұнда бекерден-бекер салған жоқ шығар! Қайран Амброзиус Стуб! Ол да бір тым ерте көктеген бәйшешек секілді еді, сондықтан да ызғарлы жел, қар мен суық тек соның үлесіне тиді. Құдды ыдыс ішіндегі суға салып қойған бәйшешекке, сүйіспеншілік хатының арасынан шыққан гүл құсап, ол өзінің туған аралы Фюнде әр помещиктің үйін бір сағалап қыдырумен өтті, оған ешкім де терең мән бермеді; ал ол аңғырт, қисынды-қисынсыз қылықтары бар, алайда жастығын мәңгі сақтап қалған бірден-бір және ең алғашқы дат ақыны еді ғой. Ә, титімдей бәйшешек, ақынды еске түсіріп сен осында жата бер, сені мұнда бекер салмаған екен! Сөйтіп, бәйшешек сол кітаптың арасында қалды. Тамаша өлең кітаптың ішінде жатқандығы және гүлді жырлаған жас жігіттің де албырт болып, қасқайып қысқа қарсы шығу оған тектен-тек емес сияқтанды, солай сезіну оны үлкен рақатқа бөледі. Гүл бәрін де өз ыңғайына бейімдеп түсінді, біз де әр нәрсені өз ыңғайымызға бейімдеуге икембіз ғой. Кішкентай албырт бәйшешек жайындағы ертегіміз де осымен аяқталды.
Баяғы заманда бір кісінің әйелі ерте дүниеден айтып, екінші рет үйленіпті. Оның айтыс болған әйелінен бір қызы бар екен. қыздың өгей шешесі өте қатыгез адам еді. Оның өзімен еріп келген дөрекі екі қызы бар болатын. Өгей шеше келген күннен бастап, өз қыздарын аялап, өгей қызына атал болады. Ылғи қиын және лас жүмыс тар беріп, күн көрсетпейді. қыздың сәл отырып тыныс aлуына да уақыт болмады. Кейде қатты шаршаған ол, пештің күлін шығарып жатып, күлдің үстіне отыра кетуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген өгей әпкелері оны маза тап «Күл қыз» деп атап кетеді. Бірде хан сарайында үлкен бал өткізілетін болады. Оған барлы мәртебелi, бай адамдар шақырылады. Шақыру қағaазы Күл қыздың өгей шешесі мен қыздарын ың да олына тиеді. Сол күн нен бастап өгей шешесі патша сарайына баруға ызу даярлы жүргізе ді. Yйдің бар тірлігімен Күлқыз айналысады. Ол аз болса, үшеуі үш жа тап арыбері жүмсап, мазасын алады. Осылай патша сарайы на баратын кез де жа ындайды. Күлқыз түні бойы ұйықтамай, үшеуінің көйлектерін әшекей лейді. Ертеңінде ерке қыздар шешелерімен бірге дайын түрған көйлектерді киіп, күй меге арай бет алады. Yйден шығып бара жатып Күл қыздан: – Сен патша сарайына барғың келе ме? – деп сүрайды. Патша сарайын, сарайда өтетін бал ды көргісі келген қыз басын изейді. – Онда үйді түгел тазалап шық, ысты отынды жар, гүлдерді суар, ыдыстарды жу, содан соң терезеден қарауыңа болады, – дейді өгей шешесі мысқылдай сөйлеп. Шешесінің жанында отырған екі қызы Күлқызды мазақтап күледі. Күлқыз жылап қала береді. Осы кезде қайдан екені белгісіз бөлмеде бір мейірімді сиқыршы әйел пайда болады. – Қызым, жылама, балға барғың келсе, маған үлкен асқабақтауып бер, – деп жылы шырай танытады. Мейірімді сиқыршы ондағы асқабақтардың арасынан ең үлкенін таңдап, сиқырлы таяғымен түртіп алады. Сол кезде әлгі асқабақүлкен және әдемі алтын күймеге айналады. Жанында жүгіріп жүрген тыш андарды түртіп еді, асыл түқымды жылқылар пайда болады. а панaға түс кен үлкен атжалман да іске жарайды. Одан мүртты ат қосшы шығады. Дәл осылай Күл қыздың жыртық көйлегі тек ханшайымға лайықты керемет сәнді көйлекке айналады. Аяғындағы тозығы жеткен кебіс жар, хрусталь кебіс боп шыға келеді. Күл қыздың қуанышын да шек жоқ. Мейірімді сиқыршы әйел оны шығарып салып түрып: – Есіңде болсын, сағаттың тілі тура он екіні соққан да сиқырдың күші жойылып, барлығы өз орнына келеді, – деп ескертеді. Сонымен, алтын күйме сарайға лезде жетеді. Күлқыз қысыла ымтыры ла ішке кіреді. Сарайдағылар айдай сүлу аруды көріп, таң ала ды. Ханзада жұмбақ ханшаяымды биге шағырады. Жігіт қыздан көзін алар емес. Екеуі кеш бойы бірге билеп, бірге жүреді. Осылай ханзада мен Күлқыз балдың сәніне айналады. Кенет сағаттың тілі он екіге келіп, қыздың есіне сиқыршы әйелдің айтқан ескертуі түседі. Ол ханзадамен асыға қоштасып, сарайдан жүгіріп шығып кетеді. Yйіне оралған Күлқызды баяғы сиқыршы әйел күтіп алады. Қуаныштан көзі оттанай жанған қыз оған сарайда көрген білгендерін айтып береді. «Ханзадамен тағы бір жолықсам» деген өтінішін айтады. Сиқыршы әйел өтінішті қабыл алады. Ертеңінде, ер теңгілік астан кейін Күлқызға өгей әпкелері патша сарайында көрген білгендерін, әлгі жүмбақ ханша туралы айтып тауыса алмайды. – Келесі жолы мені ала кетіңіз дерші. Балға мен де барайын, өз көзіммен көрейін, – деп сүранады қыз. – Саған не жоқ! Ондағыларды қорқыту үшін барасың ба? Түріңе қарасаңшы! – деп ұрсады өгей әпкелері. Сөйтіп уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні: «Патша сарайында тағы да бал өткізілейін деп жатыр. Балға өткенде болған қонақтар түгел шақырылыпты», – деген хабар келеді. Өгей шеше мен екі қызы тағы да әбігерленеді. «Ханзада бізге назар аударып қалар», – деп үміттенген екі әпкесі жанталасып балға дайындалады. Бірде, тіпті, ханзадамен ортаға шығып, қалай билей тіндерін айтып, бір-бірімен ұрсысыпта қалады. Күл қыз / Золушка олардың бүлғымалы тарына қарап күледі. Сөйтіп балға баратын күн де келіп жетеді. Өгей шешесі қыздарын ертіп, сарайға аттанады. Арттарынан алтын күймеге отырып, Күлқыз шығады. Жүмбақ ханшаны көріп, ханзада қуанып кетеді. Айналасындағыларды байқамай, бар уақытын Күлқызбен өткізеді. Алайда бұл керемет сәттер лезде өте шығады. Кенет сағат дыбыстап белгі беріп, түн ортасы болғанын хабарлайды. Бақыт үшағында жүрген қыздың қайтатын уақыты болады. Күлқыз тағы да ханзадамен асыға қоштасып, сыртқа қарай жүгіре жөнеледі. Түкке түсінбеген ханзада аруды тоқтатпақ болады. Бірақ Күлқыз алды артына қарайтын емес. Асығыс сарайдан шығып кетеді. Ол баспалдақтармен асығып аптығып түсіп келе жатып, абайсызда хрусталь кебісінің бір сыңарын түсіріп алады. Ханзада қызды қуып жете алмайды. Басы салбырап кері айт ан ол баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып, ханшайымның Аяғынан шешіліп қалған бір хрусталь кебісін тауып алады. Ал Күлқыз сыңары жоқ хрусталь кебісті көтеріп, үйіне оралады. Ертеңінде өгей шеше мен ыздары патша са райында көргенбілген дерін, әлгі жүмба хан ша туралы тағы да әңгіме етеді. Екі әпкесінің жүм ба ханшаның кім екенін білмей бастары атады. Олар сол сүлудың көз ал дарында жүрген Күлқыз екенін айдан білсін?! Осы кезде патша сарайынан шабарман келеді. Ол патшаның: «Мына хрусталь кебіс кімнің Аяғына тура келсе, сол ханзадаға түрмысқа шығады!» деген жарлығын айтады. Ол бүкіл патшалықты аралап, бойжеткен біткеннің бәріне хрусталь кебісті кигізіп көріпті. Бірақ кебіс ешкімнің Аяғына сыймапты. Кезек Күл қыздың үйіне келген екен. Өгей шешенің қыздары хрусталь кебісті қанша кимек болып тырысса да кебіске аяқтарының үшы ғана сыяды. – Сіздерде басқа қыз жоқпа? – деп сүрайды патша шабарманы. Екі қыз: – Бар, ол – Күл қыз, үнемі кір кір болып жүреді, – деп мыс ылдай жауап береді. – Мен патшалы тағы бойжет кендерің бәріне кигізіп шығуым керек. Сондықтан қандай болмасын, шақырыңыздар! – деп бүйырады шабарман. Өгей шеше дауыстап, Күлқызды шақырады. Отын жарып жүрген қыз қысыла үйге кіреді. Шабарман ештеңеге қарамастан хрусталь кебісті Аяғына өлшеп көреді. Кебіс шапшақ екен. Мүндайды күтпеген өгей шешесі мен әпкелері ауыздары ашыла қарап қалыпты. – Міне, ғажап! Аяғына үйып қойғандай дәл келуін қарашы! – дейді шабарман қуанышын жасыра алмай. Барлығы таңырқай қарап тұр, қыз хрусталь кебістің сыңарын қалтасынан шығарып киеді. Іштері күйген екі әпкесі мен өгей шешесі амалсыздан Күлқыздан кешірім сүрайды. Мейірімді, инабатты қыз оларды кешіреді. Себебі оның тәні қана емес, жаны да пәк, таза, сүлу еді. Ханзаданың тапсырмасын орындаған шабарман Күлқызды сарайға ертіп келеді. Сарайдағылар жұпыны киінген қызды көріп, аңтарылып түрып қалады. Тек ханзада ғана жүмбақ ханшасын танып, жақын келіп қолынан ұстайды. Сол кезде баяғы мейірімді сиқыршы әйел пайда болып, ортада түрған Күл қыздың көйлегін сиқырлы таяғымен түртіп қалады. Сонда ескі көйлек аппақ, өте әдемі, өте сәнді көйлекке айналады. Күлқыз бүрынғысынан да арайланып шыға келеді. Ханзада Күлқыздан өзіне түрмысқа шығуын сүрайды. Қыз келісімін беріп, сарайда үлкен той болады. Осылай олар үзақ әрі бақытты өмір сүріпті.